22 Қаз 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

Балқаш қаласында экологиялық ортаны жақсарту мен абаттандыруға бағытталған күзгі көгалдандыру науқаны жалғасуда. Жұмыс өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорынның қолдауымен санитарлық талапқа сай жүзеге асырылуда.

Image 2

Кеншілер саябағы мен Қоңырат шағын ауданында 1668 түп ағаш пен бұта отырғызылды. Қалалық әкімдікпен келісім бойынша бұл аумаққа шаң мен желден қорғайтын ағаш пен бұта егілді. Олардың қатарында жөке (үйеңкі), бақ жасмині және сары акация бар.

Екіжылдық өсімдіктердің барлығы тамыры жабық күйде жеткізілді. Бұл олардың жергілікті жерге жерсіну және аймақтың климаттық жағдайына бейімделу қабілетін арттырады. Ағаш отырғызу жұмысын механикаландырылған шұңқыр дайындау және тыңайтқышпен суару қызметін қамтамасыз ететін мамандандырылған мердігер ұйым атқарды.

Күздің соңына дейін көшеттерге күтім жасауды «Қоңырат» кеніші қамтамасыз етеді. Ал көктемде ағаштарға тамшылатып суару жүйесі қолдану жоспарланып отыр.

Қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған жоба табиғатты қорғау шарасы аясында жүзеге асырылуда.Саябақ аумағына ағаш отырғызу санитарлық талапты сақтауға ғана емес, қалалық ортаны жақсартуға да үлес қосады. Жұмысты корпорацияның Экологиялық реттеу және жоспарлау департаменті басқарады.

Image 2

2025 жылы компания қызмет ететін өңірлерде барлығы 10 мыңнан астам ағаш пен бұта, сондай-ақ шамамен 5 мың түп гүл көшеті отырғызылды. Көгалдандыру жұмысы өндірістік алаңдарда, санитарлық-қорғау аймақтарында және қоғамдық аумақтарда жүргізілді.

Жалпы, биыл 3 396 түп – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС күшімен;

– 1 100 көшет – «Kazakhmys Energy» ЖШС кәсіпорындары күшімен (Жезқазған және Балқаш жылу электр станцияларын қоса алғанда);

– 710 ағаш, 12 шырша және 4 700 гүл көшеті – «Топар» БЭТС аумағында;

– 4 500 ағаш – Балқаш металлургия зауытында;

– 680 түп – Жезқазған металлургия зауытында экологиялық акция аясында отырғызылды.

Күзгі көшет отырғызу шарасы 2025 жылғы табиғатты қорғау науқанының қорытынды кезеңі болып табылады және жасыл аймақтарды сақтау, қалпына келтіру, сонымен қатар қалалық ортаны жақсарту мен экологиялық тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі саналады.

 

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді