14 Қаз 2025

Kazakhmys Coal Молодежный кентінің тұрғындарына көмірді тікелей сата бастады

Қарағанды облысының Молодежный кентінде Kazakhmys Coal компаниясы халыққа көмірді тікелей сататын болды. Енді тұрғындар отынды өндірушіден немесе ресми дистрибьютордан тікелей сатып ала алады.

Image 2

Тұрғындармен кездесуде компания өкілдері көмір сатудың жаңа форматын түсіндіріп, оның сапасына, бағасына және қолжетімділігіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Коммерциялық директор Айдос Жанкеевтің айтуынша, Kazakhmys Coal – өңірлердегі жылу электр станциялары мен өндірістік нысандарды көмірмен қамтамасыз етіп отырған еліміздегі ірі көмір өндіруші кәсіпорындардың бірі.

«Біз кент тұрғындары сапалы көмірді делдалсыз, әділ бағамен алу үшін отынды тікелей сата бастаймыз», – деп атап өтті А.Жанкеев.

Оның сөзінше, жаңа жүйе тасымалдау шығынын азайтуға, жеткізудің ашықтығын көрсетуге және бағаны халық пен әлеуметтік нысандар үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Өндіріс жөніндегі директор Николай Демченко «Молодежный» көмір разрезінде заманауи өндіру технологиясы қолданылатынын, өнім сапасына қатаң бақылау жүргізілетінін айтты.

«Біздің көмірдің сапасын халықаралық зертхана растайды. Біз отынның тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету үшін сипаттамасы сапалы қабаттарды игереміз», – деді Н.Демченко.

Кент тұрғындары компанияның бастамасын оң бағалады. 

«Мұндай кездесулер қажет. Компанияның ашық екенін, кентті ойлайтынын және адамдарға шынымен көмектескісі келетінін сезініп жатырмыз», – деді Абай атындағы тірек мектебінің директоры Мақпал Мүсіпова.

Kazakhmys Coal компаниясы Kazakhmys Holding құрамына кіреді және Қазақстандағы энергетикалық көмірдің негізгі жеткізушілерінің бірі болып саналады. «Молодежный» разрезі – көмірмен өз кәсіпорындарын ғана емес, сондай-ақ еліміздің өнеркәсіптік нысандары мен елдімекендерді де қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның негізгі активтерінің бірі.

Тікелей сату жүйесін енгізу – Kazakhmys Coal компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жергілікті қауымдастықтармен тығыз байланыс орнату мақсатындағы ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асыруға жасаған нақты қадамы.

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді