25 Шіл 2025

Қауіпсіздік – басты назарда: Қазақмыста «Жер-2025» командалық-штабтық жаттығуы өтті

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында төтенше жағдай кезіндегі әрекетті пысықтауға бағытталған «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Image 2

Сценарий бойынша жер сілкінісі салдарынан шахтада тау жынысы опырылып, әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратында өрт шықты.

Image 2

Қысқа мерзімде төтенше жағдайды жою бойынша штаб құрылып, шұғыл әрекет ету қызметі мен Қазақмыс жұмыскерлері арасында бірлескен іс- қимыл ұйымдастырылды. Апаттық аумақты тексерген құтқарушылар шартты түрде жарақаттанған адамды сыртқа алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, адамдарды эвакуациялады.

Image 2

Оқу-жаттығуға Ұлытау облысының ТЖД күштері, Сәтбаевтың өрт сөндіру бөлімшелері, жедел жәрдем бригадалары, «Серіктес» апаттық-құтқару қызметінің мамандары, сондай-ақ Шығыс Жезқазған, Оңтүстік Жезқазған және Батыс кеніштерінің жұмыскерлері қатысты.

Image 2

Қазақмыстың өндірістік алаңдарында оқу-жаттығу жүйелі түрде өткізіледі. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметкерлерді төтенше жағдайға дайындауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

13 Feb 2026

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

11 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

11 Feb 2026

Қауіпсіздік және инвестиция: «Қазақмыс» кеніштерін дамытудың жаңа стратегиясы

09 Feb 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

05 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

04 Feb 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты