15 Мау 2024
ЖБФ үздік қызметкерлерін қалай құттықтады
Жезқазғанда байыту фабрикасының 70 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Өндіріс ардагерлері мен үздік қызметкерлер үшін Қазақмыс басшылығы мен Ұлытау облысының басшылары қатысуымен салтанатты кешкі ас ұйымдастырылды.

Еңбек ұжымдары алдында басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев құттықтау сөз сөйледі. Ол Жезқазған байыту фабрикасы Ұлытау өңірі үшін де, жалпы Қазақстан үшін де жоғары сапа, бедел мен тарихи мұраның синонимі екенін атап өтті.

«Бүгінде Ұлытау облысының 2000-ға жуық тұрғыны – фабрика қызметкерлері: диірмен, флотация, конвейер машинистері, аппаратшылар, зертханашылар, байытушылар. Олардың көпшілігі еңбек әулеттерінің ізбасарлары. Жылдар жылжып, жұмысшылардың бір ұрпағы екіншісіне жол берді. Бірақ, іске деген көзқарас, дәстүрлерге, адамдарға және аймаққа құрмет өзгеріссіз жоғары қалпында. Жезқазған байыту фабрикасының тарихы Жаңа даңқты жеңістер мен жетістіктермен толықтырылсын. Баршаңызға өз еңбегіңіздің нәтижелерінен қанағаттануды, сенімді және табысты болашақ тілеймін. Барлық жоспарлар сәтті жүзеге асырылсын және әрбір жаңа бастама жемісті болсын», - деді Нұрахмет Нуриев өз құттықтауында.

Сондай-ақ, байытушыларды құттықтауға Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат хатшысы Бауыржан Шыңғысов, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов және Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. Алмат Саухимов келді. Олар қызметкерлерді мерейтойымен құттықтап, озық қызметкерлерге құрмет грамоталарын табыс етті.
Облыс әкімі өзінің құттықтауында 2024 жылы мерейтойды фабрика ғана емес, Ұлытаудың жүрегі - Жезқазған қаласы да атап өтуде.Байыту өндірісі өңіріміздің қалыптасуына қосқан ерекше үлесін атап өтті. Жезқазған қаласы қалыптасуына үлес қосқан байтушылар,ал ЖБФ қала құраушы кәсіпорын ретінде еліміздің тау-кен-металлургия кешенінің флагманы болғанын еске салды.

Кештің басты бөлігі сыйлықтар мен медальдарды салтанатты түрде тапсыру болды. Қазақмыстың бас директоры Олег Копытов жеті құрметті ардагерге KIA Seltos жаңа автомобильдерінің кілттерін табыс етті. Ал, фабриканың қырықтан астам үздік қызметкерлері Құрмет грамоталарымен мерейтойлық медальдармен марапатталды.
«Бірінші кезекте ЖБФ ұжымына, мінсіз еңбектері үшін алғыс айтқым келеді, ардагерлерімізге көп рахмет, өйткені бұл зауыт ардагерлеріміздің қжырлы еңбегінің жарқын көрінісі. Бүгінгі таңда ЖБФ-бұл елдегі және облыстағы ең ірі кәсіпорын. Өзінің жасына қарамастан, зауыт қарқынды дамып, модернизациялануда, жаңа технологиялық шешімдер енгізілуде және осының арқасында кәсіпорын бүкіл әлем бойынша жаңа байыту кәсіпорындарымен бәсекелеседі. Мұның бәрі, әрине, бүкіл ұжымның еңбегі», - деп атап өтті Олег Копытов құттықтау сөзінде.



