05 Шіл 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты

Қазақмыс корпорациясының Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Геологиялық кластердің құрылыс алаңында болды. Қазақмыс Барлау компаниясының Бас директоры Ғалым Нұржанов құрылыс барысымен таныстырды.

Image 2

Бүгінгі күні құрылыстың басым бөлігі аяқталып, ішкі жұмыстар, инженерлік-коммуникациялық желілерді монтаждау, бөлмелерді әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жезқазғандағы геологиялық кластер бұрынғы «Жезқазғангеология» АҚ геологиялық экспедициясының аумағында орналасқан. Құрылыстың жалпы ауданы 14 мың шаршы метрден асады. Кластер ішінде оқу орталығы, ALS талдау зертханасы, Colorado School of Mines-пен бірлескен еліміздегі алғашқы геофизикалық зертхана, мұражай, кітапхана, кампус, көлемі 200 мың п.м. керн қоймасы, кеңсе ғимараты және жөндеу-механикалық цехі болады.

Image 2

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласы жер қойнауын пайдалануды дамытудың негізі және ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі деп атап өтті.

Геологиялық кластердің құрылысы Ұлытау өңірінде бүкіл геологиялық қауымдастық үшін тартымды орталыққа айналып, саланың техникалық және кадрлық ресурстарын біріктірмек. Объект 150 жұмыс орнына есептелген. Жобаның құны 7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2024 жылдың 3 тоқсанына жоспарланып отыр.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі