08 Қаң 2024

Мәжіліс Төрағасы Ұлытау өңірінің тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов пен бір топ депутаттардың сапары облыс белсенділері – Ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және жұртшылықпен кездесуден басталды.

Image 2

– Бірнеше күн бұрын, мен Президенттің қабылдауында болдым. Ол , басым мәселелердің бірі ретінде өңірлерімізді дамытуды атады. Елбасының шешімімен жаңғырған Ұлытау өңірінің жергілікті халық үшін ғана емес, бүкіл халқымыз үшін алатын орны ерекше. Осы орайда Елбасы облыс басшылығына өңірде бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандар мен жаңа тұрғын үйлер салуды тапсырды. Депутаттар бұл жұмысты қадағалап, барлық жоспарланған жобалардың жүзеге асуына жан-жақты ықпал ететін болады, — деді Мәжіліс төрағасы.

Image 2

Ерлан Қошанов бүгінде Ұлытау облысы өз алдына отау тіккен дербес, экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму әлеуеті зор өңір екенін айтты. Облысқа тартылған инвестиция ауқымы 171,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 45 млрд-қа өскен. Құрылыс жұмыстарының көлемі 85,6 млрд теңгені құраса, пайдалануға берілген тұрғын үй нысандары 67 мың шаршы метрді құрайды.

Image 2

Жиында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев те баяндама жасады.

Ол, компанияның республика бойынша жұмыс орындарын құруға қосқан үлесі туралы, сондай-ақ соңғы үш жылда ел бюджетіне 559 миллиард теңге салық салымы туралы айтты. «Қазақмыс» кеніштерінің қызмет ету мерзімін 2058 жылға дейін ұзарту мақсатында оларды дамытудың кешенді жоспары жасалды. Геологиялық барлауға қаражат белсенді түрде салынуда, соңғы үш жылда бұған шамамен 75 миллион доллар жұмсалды. Келесі жылы Жезқазған өңірінде жаңа геологиялық кластер құру жоспарлануда.

Image 2

- Жалпы, «Қазақмыс» компаниялар тобының Қазақстан экономикасына алдағы бес жылға арналған инвестициялық жоспары екі миллиард долларды құрайды және оның жартысы Ұлытау өңіріне тиесілі, - деп түйіндеді сөзін Нұрахмет Нұриев.

Image 2

Жезқазған ЖЭО-да мәжілісмендер жылу беру маусымының барысы мен кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары барысындағы мамандардың есептерін тыңдады. Халық қалаулылары ЖЭО қызметкерлеріне жылу және энергетика туралы жаңа заң жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндап, олардың сауалдарына жауап беріп, энергетиктердің ұсыныстарын тыңдады.

Image 2

Келесі кезекте депутаттар Жезқазған байыту фабрикасына барып, Сәтбаев қаласындағы «Анненскі» кенішінде болды. Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуде Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының өзекті мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық бастамаларға тоқталды.

Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

07 Feb 2025

«Жігер»: Жезқазғандағы жаңа спорт орталығы

05 Feb 2025

«Қазақмыс» корпорациясының жеке тұлғаларға ұшақ сатып алуы туралы

02 Feb 2025

Digital Қазақмыс: компаниядағы цифрлық технологиялар

02 Feb 2025

Ұлытау облысында еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды

31 Jan 2025

Қазақмыс техникалық селеннің алғашқы партиясын жөнелтті

22 Jan 2025

Қазақмыс қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейту үшін жаңа ұжымдық шартқа қол қойды