21 Ақп 2024

Жезқазғандағы өндіріс жастарының слеті

«Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Жастар Болашақ» ұйымының құрылғанына 5 жыл толды.Аталмыш мерекелік датаға орай, Жезқазған қаласында, барлық аймақтардан жиналған жүзден астам өндірістегі жас мамандар қатысты.

Image 2

Слетке қатысушылар Қ.И Сәтбаев атындағы тарихи өндірістік мұражаймен танысып, дөңгелек стол басында  өндірістегі жастардың өзекті мәселелерін талқылап,өзара пікір алмасты.Өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,оған жауап алып,кейбір шешімі табылмаған сұрақтары басшылыққа жолданатын болды.

Image 2

Жиналған жастарға «Мобилография. Копирайтинг. SMM» курсы да өткізілді.«Еуразия» арнасының тележүргізушісі Асаубек Айымбетов «Тиімді көшбасшылық және өндірістік жастардың арасындағы көшбасшылық әлеуетін дамыту»тақырыбында арнайы тренинг өткізді. Тележүргізуші мәдениетті сөйлеу,сөйлеу шеберлігі,сөз саптау тақырыбында жиналған аудиториямен ой бөлісті.

Image 2

Іс-шара соңында, бір топ слетқа қатысушыларға, «Жастар болашақ» одағының арнайы марапаттары табысталды.

Новости по теме

Новости по теме

15 Apr 2025

Қазақмыс пен Colorado School of Mines ынтымақтастық болашағын талқылады

03 Apr 2025

Қазақмыс басқару құрылымын трансформациялайды және басшылық құрам санын қысқартады

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам