17 Қаз 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды

«Қазақмыс» кеншісі, «Ұлытау» қайырымдылық қорының төрағасы Ерлан Ерищев Астанада өткен XII Азаматтық форумда Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Image 2

Ерлан Ерищев Astana Think Tank Forum-2025  форумының панельдік сессиясында баяндама жасап, «Қазақмыс» корпорациясы еңбеккерлерінің бастамасымен құрылған Ұлытау облысындағы қайырымдылық қорының әлеуметтік маңыздылығы мен қоғам өміріне ықпалы туралы сөз сөйледі.

Шара шеңберінде адамгершіліктің ең озық үлгісін көрсетіп жүрген азамат ерекше құрметке кенеліп, өзімен бірге қайырымдылық жасайтын кеншілер мен байытушылардың және металлургтердің абыройын асқақтатты.

Image 2

Айта кетейік, осыдан екі жарым жыл бұрын құрылған «Ұлытау» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарды баспанамен қамтумен айналысады. Бүгінге дейін қордың 4200 мүшесі 13 отбасына пәтер кілтін сыйлады.

Биыл екі пәтер алғаш рет Кеншілер мен байытушылар күніне орайластырылған салтанатты шарада табысталды.

Қор басшысының айтуынша, ұйымның жоспары ауқымды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорациясының өзге өңірлердегі филиалдарының қызметкерлерімен байланыс орнатылуда. Арнайы кеңсе қарастырылып, қор жұмысын жандандыруға күш  жұмсалуда.

Мұқтаж отбасылардың үйлі болуына ұйытқы болып жүрген ұйым екі ай сайын тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға баспана табыстауды мақсат етіп отыр.

Қор жұмысының жандануына корпорация басшылығы жан-жақты қолдау көрсетуде.

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді