11 Жел 2023

Балқаш мыс зауытының металлургі «Жылдың жас жұмысшысы» атанды

Балқашта қала әкімінің жыл сайынғы «Өркен» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттар шығармашылық, спорттық, қоғамдық және өндірістік қызмет салаларында жастар саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан жастарға берілді.

Image 2

«Жылдың жас жұмысшысы» номинациясында «Kazakhmys Smelting» ЖШС БМЗ МЭЦ тотыяйын учаскесінің аппаратшы-гидрометаллургі Тілеубек Үмбетұлы жеңімпаз атанды.

Тілеубек Үмбетұлы 31 жаста. Ол Саяқ кеншілер ауылынан шыққан. Қарағанды ​​қаласының математикалық бейімділігі бар дарынды балаларға арналған N7 мектеп-гимназиясының түлегі. Сондай-ақ, ол Астанадағы «Инновациялық технологиялар» колледжін бітірген. «ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесінің құрылысына белсене қатысқан жан.

Image 2

Ол 2017 жылдан бастап «Kazakhmys Smelting» ЖШС БМЗ мыс электролиздеу цехында жұмыс істейді. Тлеубек өзінің еңбек жолын су ерітінділерінің электролиздеушісі болып бастаған, ал 2019 жылы цехтың тотыяыйн бөлімінде аппаратшы-гидрометаллург болып жұмыс істей бастады. Қазір, Тілеубек Үмбетұлы, жоғары бесінші разрядқа ие болып, цехтағы тәжірибелі мамандардың бірі болып саналады. Ол үшінші жыл мыс тотыяыйн өндіретін біріктірілген бригаданың бригадирі. Оның жетекшілігінде 40 адам жұмыс істейді - олар аппаратшы-гидрометаллургтер, электролизшілер және лаборанттар.

«Біздің бригадамыз ұйымшыл және ұжымға кәсіби білікті мамандар жиналған. Мыс тотыяыйнын шығарамыз, ол кейін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларға жеткізіледі», - дейді Тілеубек Үмбетұлы өз жұмысы туралы. – Жақсы аппаратшы болу үшін бірнеше жыл жұмыс істеу керек. Цехта жұмыс істеген осы алты жыл ішінде мен  аға-буын  әріптестерімнен көп нәрсені үйрендім. Маған өз мамандығымның қыр-сырын Асқар Шәріпов, Беделбай Имашев, Қасқабай Махабаев, Мәди Әбдуалиев сынды тәжірибелі мамандар үйретті. Мамандыққа үйрену тез өтті, өйткені ең бастысы өз міндеттеріңді орындау, қауіпсіздік шараларын сақтау, сонда бәрі ойдағыдай болады».

Image 2

Тілеубек Үмбетұлы жұбайымен екі қыз тәрбиелеп отыр. Аппаратшы- гидрометаллург бос уақытында кітап оқуды және спортпен шұғылдануды ұнатады. Қала әкімінің сыйлығына, Тілеубек Отан туралы, еңбек адамы туралы эссе ұсынды. «Жылдың жас жұмысшысы» номинациясы бойынша 10 сайыскердің арасынан Тлеубек комиссия мүшелерінің шешімімен, ең үздік деп танылды.

Тілеубек Үмбетұлы – үлгілі өндіріс жұмыскері, харизматикалық тұлға: ұзын бойлы, қайратты, көзінде ұшқыны бар, ашық - жарқын, үнемі күлімсіреп жүреді және өзіне сенімді жан.  Дәл осындай жастар, әр өндірістің мақтанышы және де болашақта, өндірісті өрге сүйрейтін мықты мамандар болары анық.

Ләззат Смағұлова

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

21 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді