14 Мау 2025

Еңбек қауіпсіздігі және өндірістік жоспар: «Жыланды» кенішінде корпорация басшылығының қатысуымен көшпелі жиналыс өтті

«Жыланды» кенішінде тоқсан сайынғы жұмыс жиналысы жаңа көшпелі форматта өтті. Кәсіпорын қызметкерлері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакировпен кездесті. Жиналыста өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек тәртібі мәселелері талқыланды.

Басқарма төрағасының орынбасары биылғы жылдың өткен айларында «Жыланды» кенішінде бір де бір оқыс оқиға тіркелмегенін атап өтті. Дегенмен жарақаттың болмауы — қауіпсіздік мәселесіне көңіл бөлуді бәсеңдетуге себеп емес екенін айтты.

Image 2

Сонымен қатар, Саят Бакиров кен орны қызметкерлерін жұмыс орнындағы қауіптерді бағалау стандарттарына көбірек көңіл бөлуге шақырды. Белгіленген нормаларға сәйкес, әрбір қызметкер алдымен инженерлік-техникалық қызметкермен бірлесіп өз жұмыс орнын бағалау керек. Тек осыдан кейін ғана оған жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Қызметкерлер мұндай қауіптерді анықтауды меңгерген, еңбек өтілі мен кәсіби тәжірибесі бар, дегенмен кейде осы рәсімді елемей, жазатайым оқиғаларға себеп болатын алғышарттар жасайды.

Image 2

«Егер, барынша жауапкершілікпен қарасақ, қауіп-қатер анықталған жағдайда сіздер бірден хабарлап, оны жою шараларын қабылдауларыңыз қажет. Жою мүмкін болмаса – жұмысқа кірісуге болмайды. Қауіпсіздік техникасын сақтау қызметкердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Қарапайым мысал, бұрғылаушы кенжарды төлқұжат бойынша бұрғылаған кезде, ол жұмыс орнының қауіпсіздігін арттырады. Дұрыс бұрғыланған кенжар тау жынысының жарылуын азайтып, жару жұмысының тиімділігін арттырады. Жұмыскер қауіпсіздік ережелерін сақтап, тәртіп бойынша жұмыс істесе — өзін ғана емес, қасындағы әріптестерін де қорғайды», – деді Саят Бакиров.

Жиналыс барысында Шығыс және Батыс Сарыоба, Итауыз, Қарашошақ және Қыпшақбай шахталарындағы үңгілеу бригадаларының өндірістік көрсеткіштері назарға алынды.

Image 2

Қазіргі таңда «Жыланды» кеніші «Қазақмыстың» ең перспективалы нысандарының қатарында. Оның бүгінгі өндірістік қуаты жылына 2,7 млн тонна кенді құрайды, штатта шамамен 900 адам жұмыс істейді. Шығыс және Батыс Сарыоба, Итауыз, Қарашошақ және Қыпшақбай шахталарындағы тауарлық кен қоры 180 млн тонна деп бағаланған, орташа мыс құрамы 1,03% деңгейінде.

Image 2

2026 жылға қарай кеніштің жылдық өндірістік қуатын 3,6 млн тоннаға дейін, ал 2030 жылға қарай 6 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Осыған байланысты өндірістік инфрақұрылымды және кәсіпорынның штатын кеңейту көзделген.

Жоспарланған жобалардың қатарында Шығыс Сарыоба мен Итауыз шахталарына жаңа желдеткіш қондырғылар орнату, клетті және ауа беру оқпандарын жөндеу, магистралдық конвейерді кеңейту және жаңа электр беру желісін тарту жұмыстары бар.

Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды. Кеніш жұмыскерлері өздерін толғандырған мәселелерді басшылықпен тікелей талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды