01 Жел 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

2023 жылдың 27 қарашасында «Жайсаң» кенішінде болған топтық апатқа байланысты «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің барлық жерасты кеніштерінде тау-кен және күрделі тау-кен жұмыстары тоқтатылды.

2023 жылдың 30 қарашасынан бастап жерасты кеніштеріндегі жұмыс қайта жанданды. Кейбір аудандарда сәйкессіздіктерді жою жалғасуда.

Бас инженерлердің төрағалығымен құрылған комиссиялар тау-кен жұмыстарын тексеру және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда, тау-кен қазбаларын қамтамасыз ету, жөндеу және бекіту жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін компания басшылығы тоқтаған кеніштердің ұжымдарына тексерудің барлық уақыты үшін жалақыны толық көлемде есептеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Новости по теме

Новости по теме

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам

12 Mar 2025

Жорамалға қарсы фактілер: Қазақмыстың ресми ұстанымы

06 Mar 2025

Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды