07 Мам 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

Құрметті «Қазақмыс» қызметкерлері және компания жұмыс істейтін аймақтардың тұрғындары!

Сіздерді айтулы мерекелер – Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің мерекелік күнтізбемізде осы екі маңызды күннің бірінен соң бірі болуының мәні ерекше. Бұл халқымыздың тарихындағы даңқты әскери дәстүрдің сабақтастығын көрсетеді. Қазақстан халқының тарихи маңызы бар ерліктерінің ұлылығын, олардың қаһармандығы мен жанқиярлығын бейнелейді, бейбіт аспанды сақтау қажеттігін еске салады.

Бұл мереке тәуелсіз Қазақстанымыз үшін мақтанышқа, қорғаушыларымыз үшін құрмет пен алғысқа толы болсын.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, өркендеу және барлық жақсылықты тілейміз! Аспанымыз ашық болсын!

Құрметпен,

«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС

Директорлар кеңесі

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады