16 Мау 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС медицина қызметкерлерін құттықтап, өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытудың алдағы жоспарымен бөлісті.

Image 2

«Жезқазған медициналық орталығы» еліміздегі алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі деп толық сеніммен айтуға болады. Бұған орталықтың Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын иеленуі дәлел. Мұнда Жезқазған, Сәтбаев қалаларының тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Тұрғындардың басым бөлігі – біздің компанияның қызметкерлері», – деді Нұрахмет Нуриев.

«Қазақмыс» Тобының 35 мыңға жуық қызметкері осы медициналық орталыққа және оның филиалдарына жүгінеді және алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, жоғары технологиялық операцияларға дейінгі қызметтің кең спектрін алады.

Бүгінде бұл мекеменің жүйесінде 1100-ден астам өз ісінің шебері еңбек етуде. Жүзден астам медицина қызметкері лайықты марапатқа – төсбелгілерге, құрмет грамоталарына және сыйақыға ие болды.

Image 2

Қазақмыс өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуына қолдау көрсетіп келеді. Соңғы бірнеше жылда Жезқазғанда балаларға арналған «Люси» офтальмологиялық  клиникасы ашылды. «Қазақстан Халқына» қорымен бірлесіп,  мүгедектігі бар жандарға арналған «Оңалту» орталығы ашылды. Компания бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.

Ұлытау облысында медицина саласын дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегия әзірленді. Жақын арада ол ҚР Денсаулық сақтау министріне таныстырылады. Бағдарлама медициналық орталықты одан әрі дамыту шараларын қамтиды, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңа жабдықтарды іске қосу және тың бағыттарды ашу қарастырылған.

«Мекеменің құрылу тарихын ескере отырып, кардиология бағытын дамытуға ерекше назар аударылмақ.  Бұл өңір тұрғындарына дәл осы орталықта күрделі ота жасауға мүмкіндік береді. Мақсатқа жету үшін жергілікті кадрлардың әлеуетін күшейту қажет. Медициналық орталықтың адам капиталын нығайту мақсатында сырттан да маман тарту көзделген», - деп қорытты Басқарма төрағасы.

Медицина қызметкерлері күніне арналған құттықтауға «Өркендеу Ассистанс» ЖШС, «КәсіпҚорған» салалық кәсіподақ комитеті және «Аманат» партиясының өкілдері қосылды.

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді