24 Мау 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

Таныстыру сапары барысында Дэниел Розенблюмге балқыту және электролиз цехы бойынша экскурсия жүргізіліп, таза тауарлық мысты алудың соңғы процестері көрсетілді.

Image 2

АҚШ Елшісіне компанияның бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жобалары туралы айтылды. Кәсіпорындардағы тұрмыс жағдайын жақсарту басты міндеттердің бірі болып табылады.

Жыл басынан Ұлытау өңірінде кеніш жұмысшылары үшін 23 азық-түлік пункті абаттандырылды, Жезқазғанда 10 жылы аялдама салынды, заманауи еңбек жағдайлары бар жаңа кешендер салынуда.

Сонымен қатар Дэниел Розенблюм компанияның ESG қағидаттарымен таныстырылды. Қазақмыс компаниясының тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов атап өткендей, кәсіпорынның іргесінде орналасқан елді мекендер үшін зауыттың даму болашағының маңызы зор.  

Image 2

Қазақмыс жыл сайын жергілікті әкімдіктермен меморандумдарға қол қояды және одан әрі моноқалалардағы әлеуметтік объектілерді салу бағдарламаларын қаржыландырады, мектеп білімін дамытуға, сондай-ақ ең қажетті өнімдердің бағасын тұрақтандыруға көмектеседі. Мәселен, биыл Қазақмыс Жезқазғандағы Металлургтер алаңын қалпына келтіріп, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын, Кеңгір жағалауын абаттандыруды, өңірде геологиялық кластер құрылысын жалғастыруда.

Елші өз кезегінде экскурсия үшін ризашылығын білдіріп, Жезқазған мыс балқыту зауытына табыс пен өркендеу тіледі.  

Новости по теме

Новости по теме

16 Jul 2024

Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік кешен іске қосылды

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты

03 Jul 2024

Қазақстандық ғалымдар ТМК үшін жаңа әзірлемелерін ұсынды

28 Jun 2024

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ТМД халықаралық сыйлығын жеңіп алды

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ