04 Ақп 2026

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Сапаны басқару дирекциясының Cапа саласындағы саясаты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Сапаны басқару дирекциясы (бұдан әрі – СБД) өз қызметін СБД туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады және соның шеңберінде ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті жүйесінің талабына сәйкес сапа стандарттарын белгілеп, қолдайды. Біздің сапа саласындағы саясатымыз (бұдан әрі – Саясат) СБД-ның барлық бизнес-үдерістерінің тиімділігін арттыруға және сапа саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.

Біздің саясатымыздың негізгі қағидаттары:

· Тұтынушыға бағдарлану: Біз қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, мүдделі тараптардың қажеттілігі мен үмітін қанағаттандыруға ұмтыламыз.

· Көшбасшылық және белсенділік: СБД басшылығы сапаны басқарудың бірыңғай мәдениетін қалыптастыра отырып, барлық қызметкерлердің даму үдерісіне белсенді қатысуын қолдайды және соған жағдай жасайды.

· Процестік тәсіл: Біз барлық процестердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін ескере отырып, олардың өзара тиімді іс-қимылын және үздіксіз жетілуін қамтамасыз етеміз.

· Жетілдіру: Біз сапа стандарттарына қол жеткізуді басты назарда ұстап, саясатымыздың негізгі элементі ретінде үздіксіз жетілдіру қағидатын ұстанамыз.

· Талапты сақтау: Біз заңнамалық, нормативтік және ішкі талаптарды, сондай-ақ стандарттар мен мүдделі тараптар алдындағы міндеттемелерді орындаймыз.

Жауапкершілік және міндеттемелер:

· СБД басшылығы сапа менеджменті жүйесін іске асыруға, қолдауға және жетілдіруге, сондай-ақ осы Саясатты қызметкерлерге жеткізу және оның орындалуын ынталандыру жауапкершілігін өз мойнына алады.

· СБД қызметкерлері сапа саласындағы саясатты сақтауға, белгіленген стандарттарды орындауға және үдерістерді жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге міндетті.

Бұл Саясат СБД-ның стратегиялық мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін сапа менеджменті жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады. Біз саясаттың өзектілігін сақтау және барлық мүдделі тараптардың өзгеріп отыратын талабы мен үмітіне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында оны тұрақты түрде қайта қарап, жаңартып отыруға міндеттенеміз.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі