18 Қаң 2024

«Қазақмыс» 2024 жылы Ұлытау өңірін дамытуға 15,5 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

Жақында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Ұлытау облысының әкімдігі арасында 2024 жылға арналған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Image 2 фото: архив

Меморандум аясында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС биылғы жылы Ұлытау өңірінде білім, денсаулық сақтау, спорт, инфрақұрылымды дамыту және адами капитал салаларында жүзеге асырылатын 30 әлеуметтік жобаны қаржыландырады. Іске асырылып жатқан жобалардың жалпы құны 15,5 миллиард теңгеден асады.

Image 2

2024 жылға арналған негізгі жобалар: Жезқазған қаласында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу, Кеңгір су қоймасының жағалауын салу, мешіт құрылысы, Жезқазған қаласында 280 орындық балабақша салу, Сәтбаев қаласындағы «Ақбота» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу, Сәтбаев қаласындағы Шахтер даңқы скверін және   Жезқазған қаласындағы Металлургтер алаңын қайта жаңғырту және т.б.

Image 2

2023 жылы компания 30 жобаны жүзеге асыруға 11 млрд теңге бөлген болатын. Оның ішінде 14 жоба сәтті аяқталды. Солардың ішінде: мүгедек балаларға арналған күндізгі күтім орталығы ғимаратын алу және оны жөндеу, Сәтбаев қаласындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектепті жөндеуден өткізу, «Ескұла жер асты су алу құрылымдарын жаңғырту» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, «Ұлытау» футбол клубын ашу және т.б. Қалған 16 ірі жобаны жүзеге асыру биыл да жалғасын табады.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі