17 Там 2023

БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ЖЭО ҚУАТЫН АРТТЫРАДЫ

Кеше Жезқазған қаласында «Kazakhmys Energy» ЖШС Бас директоры Темірлан Өтегенов пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған ЖЭО алаңында қуаты ≈ 100 МВт бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандумға қол қойды.

Image 2

Сондай-ақ, бұл күні Темірлан Өтегенов «Sinohydro» Қазақстандағы өкілі Ли Тенгпен және оңтүстік-шығыс және Орталық Азиядағы «Sepco» корпорациясының бас директоры Уанг Гуанжонгпен БГҚ салу және қондырғының жобалық құжаттамасын дайындау туралы шарттарға қол қойды.

Бұл жобаны іске асыру бойынша негізгі әріптес ҚХР «Sinohydro Corporation Limited» (power China концернінің құрамына кіретін) компаниясы болады. Жобаны іске асыру мерзімі-2023-26 жылдар.

Айта кету керек, бұл ауқымды жоба жалпы өңірдің дамуына оң әсер етеді. Мәселен, БГҚ объектілерін іске асыру және кейіннен пайдалану кезеңінде жаңа жұмыс орындары құрылады.

Пайдалану басталғаннан кейін қондырғы Жезқазған энергия торабының электр жүктемесінің тапшылығын 104 МВт-қа дейін қамтамасыз етеді, өз кезегінде бұл қосымша маневрлік қуат күшін қосуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жобаны енгізу облыс бюджетіне қосымша түсімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық инвесторларды тарту бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Сонымен қатар, жаңа жобаны іске қосу қосымша қуатты өндіру кезінде табиғи газдың жанып кету себебінен экологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсер етеді деп болжануда.

Жобаның жалпы құны шамамен 80 миллиард теңгені құрайды.

Новости по теме

Новости по теме

19 Jan 2026

Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жұмыс сапарымен Қарағанды өндірістік алаңына барып, «Нұрқазған» кенішін және Нұрқазған байыту фабрикасын аралады

16 Jan 2026

Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің кәсіпорындарын аралады

16 Jan 2026

Шу ауданында «Шатыркөл» каналы арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

05 Jan 2026

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті

29 Dec 2025

Қазақмыс өндірістік және әлеуметтік қызметінің қорытындысын шығарды

10 Dec 2025

Қазақмыс жаңа акционерге көшу туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын хабарлайды