18 Там 2023

Жас қазақмысшылар «Балдәурен» үздік лагерінде демалды

Өздеріңіз білетіндей, Қазақмыс-жұмысшылар мен олардың отбасыларына үлкен қамқорлықпен қарайтын әлеуметтік бағдарланған компания. 2023 жылы біздің қызметкерлердің балаларына сапалы демалыс ұйымдастыру үшін компания «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен шарт жасасты.

Image 2

«Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар қатарындағы жұмыскерлердің балаларына, өндірісте еңбек жарақатын және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан I және II топтағы мүгедектердің балаларына, сондай-ақ жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жандардың  балаларына жолдамалар тегін табыс етілді. Топ қызметкерлерінің басқа санаттары оларды жолдаманың жалпы құнының 20% - на сатып ала алады, қалған сома компания есебінен төленеді.

Image 2

Жылдың төрт мезгілінде «Қазақмыс» өндірістері бар өңірлердің балалары әлеуметтік қызметкерлермен, күзетшілермен және дәрігерлермен бірге темір жол арқылы Бурабай курортының үздік лагерьлерінің бірі – «Балдәурен» орталығына келді. Бүгінгі таңда бұл орталықтың ТМД елдерінде және Орталық Азия өңірінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау қызметтерінің спектрі бойынша баламасы жоқ.

Image 2

Мұнда балалар үшін оқу және тұру үшін заманауи жайлы жағдайлар қарастырылған, бұл – алты қабатты жатын корпусы, бес қабатты тәулік бойы жұмыс жасайтын медициналық кешені, кітап қоры бай заманауи кітапхана, спорт және ойын залдары бар екі қабатты спорт корпусы, халықаралық стандарттар бойынша құрылған жабық бассейн және жаңадан жүзіп үйренушілерге арналған шағын бассейн.

Image 2

Күніне бес рет тамақтанудан басқа, демалушылар - массаж, су процедуралары, емдік ванналар, сауналар, коктейльдер, таза ауа сынды   профилактикалық және сауықтыру шараларын қабылдады.

Әр ауысымның ашылуы демалысқа келгендерге бір-бірімен танысуға мүмкіндік беру үшін концерттен басталды. Содан кейін балалардың бос уақытын әр балаға өз хоббиін табуға мүмкіндік беретін жан-жақты іс-шаралары бар күнделікті қызыққа толы бағдарламалар қамтамасыз етті.

Image 2

Оқу-танымдық үйірмелер, кез-келген талғамға сай, балалардың назарын ұзақ уақыт бойы игере алады. Бірі «жас дәрігер» болса, енді бірі робототехника немесе тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарына қызығады. Ал лагерьдегі Ұлттық мұражайға барған кезде өнер туындыларымен  танысып, асқан қызығушылық танытады. Айтпақшы, ең көп баратын үйірмелердің бірі сурет сабақтары мен қыш ыдыстары үйірмелерінде балалар өздері жасаған туындыларды «Балдәуренді» еске алу үшін қуана-қуана үйлеріне алып кетеді.

Image 2

Бурабай курортының туристік орындарына экскурсиялар «Балдәуренге» барудың міндетті атрибуты болды. Оқжетпес тауы, Абылай хан алаңы және Жұмақтас жартасы сияқты тарихи орындармен танысып, жылы және шуақты ауа-райында демалыс бағдарламасы Шортан көлінде шомылу және катамаранмен серуендеу арқылы толықтырылады.

Ауысымның жабылуы әдетте шахмат, дойбы, үстел теннисі және футболдан үздік спортшыларды марапаттаумен аяқталады.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты

03 Jul 2024

Қазақстандық ғалымдар ТМК үшін жаңа әзірлемелерін ұсынды

28 Jun 2024

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ТМД халықаралық сыйлығын жеңіп алды

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды