07 Ақп 2025

«Жігер»: Жезқазғандағы жаңа спорт орталығы

Жезқазғанда «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) ресми ашылу салтанаты өтті. Көпфункциялы спорт нысаны «Қазақмыс» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі және Ұлытау облысының спорт инфрақұрылымын дамытуға қосқан қомақты үлесі болды.

Image 2

Құны 8,5 млрд теңгені құраған жоба «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Ұлытау облысы әкімдігінің меморандумы аясында  Bank RBK қолдауымен жүзеге асты.

Жалпы ауданы бес функционалды блокты қоса алғанда 7 816 шаршы метрді құрайтын спорт кешені үш қабаттан тұрады.

Image 2

Заманауи әрі жаңашыл архитектуралық шешіммен салынған ғимарат келушілердің барлық санаты үшін қолайлы әрі қолжетімді. Мұнда балаларға, ересектерге, әуесқой және кәсіби спортшыларға сапалы қызмет көрсетіледі. Спорт кешені заманауи құрал-жабдықтармен, жаттығу залдарымен, жуынатын, киім ауыстыратын бөлмелермен жабдықталған. 

Image 2

Ұзындығы 25 метрді құрайтын Жезқазғандағы алғашқы бассейн жүзу өнерін меңгере бастаған балалар мен ересектер үшін өте қолайлы. Спорт кешенінде командалық спорт түрлері үшін электронды табломен, баскетбол алаңымен, құрал-жабдықпен және 320 көрерменге арналған трибунамен жабдықталған, ауданы 1200 шаршы метрлік әмбебап спортзал бар. Ауданы 350 шаршы метрді құрайтын көркем және спорттық гимнастика залына гимнастикалық снарядтар орнатылып, матрастар төселген.

Image 2

«Ұлытау облысының басшылығы мен Қазақмыс корпорациясына осы спорт кешенін ашқаны үшін алғыс білдіремін. Бүгінгі таңда мен Ұлттық құраманың жаттықтырушысы болып жұмыс істеймін. Біздің командада еліміздің барлық облыстарынан келген талантты балалар бар. Өкінішке қарай, әзірше, олардың арасында Ұлытау облысының өкілдері  жоқ. Болашақта сіздердің шәкірттеріңіз  Ұлттық құрамаға қабылданып, Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғайды деп үміттенемін. Мен әр баланың талантты екеніне сенемін. Нағыз таланттарды тауып, танып, оларға жағдай жасау маңызды мәселе», – деді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

Image 2

Кешеннің екінші қабатында үстел теннисі мен бокс залы орналасқан. Кәсіби ринг пен жаттығу жасауға арналған құрылғылар да осы жерден табылады.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков жаңа спорт кешені бұқаралық спорт түрлерін дамытуға және жасөспірімдер мен балаларды спортпен шұғылдануға ынталандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Image 2

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев 2025 жыл басталғаннан бері компания Ұлытау облысы бойынша үшінші нысанды қолданысқа беріп жатқанын тілге тиек етті.

«Қаңтар айының басында Сәтбаев қаласында күрделі жөндеуден кейін «Ақбота» балабақшасы, одан кейін Жезқазғанда  еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды. Бүгін «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа беріліп жатыр. Бізді алда игі істер күтіп тұр. Жыл соңына дейін тағы 5-6 нысанды аяқтаймыз. Баршаңызға жарқын жеңіс тілеймін. Өңіріміз дамып, өркендей берсін, жергілікті тұрғындар толағай жеңіске жетіп, өңіріміздің абыройын асқақтата берсін», – деді Нұрахмет Нүриев.

Image 2

«Жігер» ДСК – Қазақстандағы заманауи спорт кешендерінің бірі. Оның ел игілігіне берілуі – Жезқазған қаласының спорттық инфрақұрылымын дамытуға және облыс көлемінде саламатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Спорт кешені республикалық және халықаралық жарыс өткізетін алаңға айналып, қаланың спорттық беделін ұлттық деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Жаңа спорт нысанының құрылысын «Tansu Construction» компаниясы жүргізді. Айта кетейік, құрылыс рекордтық қысқа мерзімде аяқталды.

«Қазақмыс» корпорациясы «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы – Ұлытау облысының жан-жақты дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға серпін беретініне және жастар мен аға буынды спортпен шұғылдануға шабыттандыратынына сенімді.

Новости по теме

Новости по теме

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам

12 Mar 2025

Жорамалға қарсы фактілер: Қазақмыстың ресми ұстанымы

06 Mar 2025

Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды