29 Қар 2023

Саналы таңдау

Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында «Мектеп-колледж-кәсіпорын» өзара әрекеттестік жүйесі» атты семинар-тренинг өтті.

Image 2

Іс-шара аралас форматта өтті. Осының арқасында, YouTube арнасындағы трансляциямен есебінен қосылған қатысушылардың аудиториясы да айтарлықтай көп болды. Олардың қатарында, кәсіптік бағдар беруге жауапты мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бөлімшелерінің инженерлік-техникалық қызметкерлері атынан жұмыс берушілер қатысты. Оқу семинарының ұйымдастырушылары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС политехникалық колледжі және Қарағанды облысының білім беруді дамыту мен оқу-әдістемелік орталығы.

Image 2

ПТК директоры Айгүл Сыздықова алғы сөзінде, барша  жиналғандарды Балқаштың алғашқы тазартылмаған мысының өндірілгеніне 85 жыл толуымен құттықтады. Айтулы тазартылмаған мыс балқымасы 1938 жылы 24 қарашада алынған еді. Бұл күн, Балқаш өңірінде, қала құраушы кәсіпорынның туған күні болып саналады. Оның даму тарихын төртіші  курс студенті, болашақ металлург Жансая Есімханова баяндады. Есімханованың  баяндамасы Балқаш кен-металлургиялық комбинаты туралы деректі фильмінің кадрларымен толықтырылды. Мінбеге шыққан БМЗ мыс электролиздеу цехының бас инженері Дулат Жәкібаев кадр даярлау жүйесіндегі дуалды оқытудың тиімді тұстарын атап өтті.

Image 2

ПТК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Бектаев «ZhasSkills Kazakhmys-2023» чемпионатының ережесімен таныстырды. «ZhasSkills Kazakhmys-2023»  мектеп оқушылары арасында ерте кәсіптік бағдарлау беруге және кәсіптік оқыту негіздеріне бағытталған чемпионат. Бұл колледжде ағымдағы жылдың желтоқсан айында «WorldSkills» стандарттары бойынша өтеді.

Семинар екі панельдік секцияда өткен болатын. Бір алаңда, дөңгелек үстел барысында мектептер мен колледждердің өзара әрекеттесу мәселелері бойынша жемісті пікір алмасу болды. Келесі кабинетте, «дүниежүзілік кафе» форматында, қатысушылар, еркін атмосферада, оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынас аясында түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты жұмыс мәселелері мен жағдайлары талқыланды.

Image 2

Семинарда, теориялық оқыту нәтижесінде алған кәсіби білімдері мен дағдыларын тәжірибемен бекіте отырып, жастарды мамандық таңдауға жүйелі түрде дайындаудың жаңа әдістері мен құралдарын белсенді іздеу үрдісі көрініс тапты.

Сағадат ДАНЫҚБАЕВ

Новости по теме

Новости по теме

07 Feb 2025

«Жігер»: Жезқазғандағы жаңа спорт орталығы

05 Feb 2025

«Қазақмыс» корпорациясының жеке тұлғаларға ұшақ сатып алуы туралы

02 Feb 2025

Digital Қазақмыс: компаниядағы цифрлық технологиялар

02 Feb 2025

Ұлытау облысында еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды

31 Jan 2025

Қазақмыс техникалық селеннің алғашқы партиясын жөнелтті

22 Jan 2025

Қазақмыс қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейту үшін жаңа ұжымдық шартқа қол қойды