17 Там 2023

2023-2024 жылдарда жылыту маусымына «Қазақмыс Энерджи» ЖШС және «ГРЭС Топар» ЖШС дайын еместігі жайлы БАҚ-та жалған ақпарат тарату туралы

Бірқатар БАҚ-та Жезқазған ЖЭО «Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС және «ГРЭС Топар» ЖШС-нің алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындығы туралы анық емес ақпарат таратылуда.

Image 2

Бүгінгі таңда Жезқазған ЖЭО-ны 2023-2024 жж.жылыту маусымына дайындау «KEGOK» - пен бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі уақытта №11 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. №8 және №4 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №10 қазандық агрегатын ауыстыру жүргізілуде. №5, 6, 7 қазандық агрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу компаниялары бекітілген кестеге сәйкес аяқталады.

№6, 7, 8 турбоагрегаттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. Турбина, электр және отын-көлік цехтарының жабдықтары жоспарлы режимде жұмыс істейді.

Жезқазған ЖЭО негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 4,8 млрд теңге бөлінді.

Қоймада көмір қорлары 243267 тоннаны, мазут-1 600 тоннаны құрайды.

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жалпы дайындығы шамамен 60% құрайды. 2023-2024 жылыту маусымының басында станциядағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталады.

«ГРЭС Топар» ЖШС 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындыққа қатысты: Биыл №7 станция бірінші қазандығында күрделі жөндеу сәтті жүргізілді, 11 қазандық пен 3 турбинада ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда екі қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, тағы екеуіне – ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«ГРЭС Топар» ЖШС негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 5,7 млрд теңге бөлінді.

2023-2024 жж. жылыту маусымының сәтті өтуі үшін «ГРЭС Топар» ЖШС-де жұмыста 8 қазандық агрегаты мен 4 турбоагрегаттың болуы жеткілікті. Осылайша, Жабдықты жөндеуге сүйене отырып, станцияның дайындығы 85% құрайды.

Өз кезегінде, бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан дәйексіз материалы үшін жауаптылар біздің тарапымыздан түсініктемелер алу үшін «Қазақмыс» компаниясына жүгінбегенін атап өткіміз келеді.

«Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан диалог пен нәтижелі ынтымақтастық үшін ашық. Корпорацияның Еңбек және әлеуметтік қызметі туралы материалдарды ұсынудың объективтілігі мақсатында компанияның баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады