05 Ақп 2025

«Қазақмыс» корпорациясының жеке тұлғаларға ұшақ сатып алуы туралы

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты-мыс деген ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз.

«Қазақмыс» корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әперген жоқ. Әуе кемесін сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктерімен байланысты.

Мұндай келісім туралы кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды жаңылыстыруға бағытталған.

Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желі қолданушыларын таратылатын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеруге және расталмаған деректерді жариялаудан бас тартуға шақырамыз.

«Қазақмыс» корпорациясы ашықтық қағидатын ұстана отырып, өзінің негізгі қызметі аясындағы жұмысын жалғастыруда.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі