18 Қар 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

Шығыс Жезқазған, «Батыс» кеніштерінде және маркшейдерлік бөлім басқармасында жаңа геодезиялық жабдық қолданысқа енгізілді. Нысандарға Leica TS07 R1000 5″ маркалы заманауи электронды тахеометрлер жеткізілді. Бұл құрылғылар қолданыстағы тау-кен өндірісі кәсіпорындарында жұмыс істеуге өте қолайлы: олар жоғары дәлдік және сенімділікті қамтамасыз етеді.

Image 2

Шаң мен ылғалдан толық қорғалған (IP66 классы) жаңа құрылғылар 1000 метрге дейінгі қашықтықта  шағылыспай өлшеу жүргізе алады және бұрыштық дәлдігі 5 секундқа дейін жетеді. Жабдықтың Leica Captivate фирмалық бағдарламалық қамсыздандырумен интеграциялануы жобалық координаталарды шығару мен кері қиылыстырудан бастап, аумақ пен көлемді  есептеуге және деректердің сұлбасын көрсетуге дейінгі барлық негізгі геодезиялық тапсырмаларды тікелей жұмыс орнында орындауға жағдай жасайды.

«Бұл біз үшін жай ғана жабдықты жаңарту емес», – дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Шығыс Жезқазған кенішінің бас маркшейдері Әсел Қосымова. – Бұл құрылғылар жоғары дәлдіктегі деректерді алуға және нәтижені жылдам өңдеуге мүмкіндік береді. Демек барлық телімдер жоспарлау мен бақылау барысында атқарылған іске сенімді болады».

Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі ескі тахеометрлер қолданылған еді. Жаңа құрылғы өлшеу уақытын азайтып, түсіру дәлдігін арттырады және адамның қателесу мүмкіндігін төмендетеді.

Бұл өзгерістер барлау, құрылыс және өндіру үдерісін жоспарлауға негіз болатын геодезиялық деректердің сенімділігін арттырады. Нәтижесінде геологиялық барлаудан бастап, кеніштерді пайдалану кезеңіне дейінгі барлық өндірістік тізбектің тиімділігі артады.

Новости по теме

Новости по теме

19 Jan 2026

Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жұмыс сапарымен Қарағанды өндірістік алаңына барып, «Нұрқазған» кенішін және Нұрқазған байыту фабрикасын аралады

16 Jan 2026

Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің кәсіпорындарын аралады

16 Jan 2026

Шу ауданында «Шатыркөл» каналы арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

05 Jan 2026

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті

29 Dec 2025

Қазақмыс өндірістік және әлеуметтік қызметінің қорытындысын шығарды

10 Dec 2025

Қазақмыс жаңа акционерге көшу туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын хабарлайды