02 Там 2024

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ғылыми шешімдер: Қазақмыс өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр

Қазақмыс ел ғылымын дамытуға қолдау көрсетуді, өз кәсіпорындарына үздік инженерлік және IT жобаларды енгізуді жалғастыруда.

Image 2

30-31 шілдеде TechGarden-нің 15 IT-резиденті «Нұрқазған» кенішіне барды. Сапар барысында қатысушылар Қазақмыстың бизнес-міндеттерімен танысып, өндірістік үдерісті жақсарту үшін ғылыми-цифрлық және техникалық шешім ұсынды.

Тур қорытындысында өндірістің тиімділігін арттыруға, қауіпсіздік техникасын, экологиялық бақылау мен өнім сапасын жақсартуға бағытталған IT жобалар пулы қалыптасты.

Image 2

Бұған дейін Қазақмыс қолданысқа AG Tech және MRS-K компанияларының DMMS IT кешенін енгізді. Бұл бағдарламалық-аппараттық кешенді қазақстандық IT-компаниялар Қазақмыс мамандарымен бірлесіп әзірледі.

DMМS жүйесі жерасты радиобайланысын, персонал мен көліктің орналасқан жерін анықтауға және апаттық ескерту жасауға мүмкіндік берді.

Image 2

Сондай-ақ DMМS арқылы адамдарды қалың жыныс қабаттарынан іздеу мүмкіндігі пайда болды, бұл төтенше жағдай кезіндегі іздеу жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Сонымен қатар 16 қосымша модуль әзірленді. Олар бизнес-процесті цифрландыру мен Micromine тау-кен-геологиялық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тау-кен жұмыстарын жоспарлаудан бастап, тау-кен жабдықтарының және «Oracle HR» жұмысының мониторингін сондай-ақ  тау-кен жұмыстарының тиімділігін бағалауға дейінгі процестерді қамтиды.

Image 2

Осылайша өндіріске енгізілген ІТ шешімдер тау-кен және геологиялық барлау жұмысын жүргізетін қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам

12 Mar 2025

Жорамалға қарсы фактілер: Қазақмыстың ресми ұстанымы

06 Mar 2025

Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды