12 Нау 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам

Қазақмыс компаниясының өз қызметкерлеріне деген қамқорлығының кезекті көрінісі Балқаш қаласында ақиқатқа айналды. Мұнда «Өркендеу» медициналық желісінің заманауи клиникасы ашылды, оның басты мақсаты – жоғары сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз ету. Бұл жай ғана кезекті медициналық мекеме емес, ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) аясында компания қызметкерлерінің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған толыққанды әлеуметтік жоба.

Image 2

Жоғары стандарттар және медициналық қызметтердің кең ауқымы

Балқаштағы «Өркендеу» клиникасы пациенттерінің денсаулығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қызметтердің кең ауқымын ұсынады:

Мамандардан кеңес алу: алғашқы қабылдауды жалпы тәжірибелік дәрігерлер, терапевт, стоматолог және басқа да бейінді мамандар жүргізеді.

• Диагностикалық мүмкіндіктер: зертхана, емшара кабинеті және заманауи диагностикалық жабдықтар тез және сапалы тексеруден өтуге мүмкіндік береді.

Болашақ перспективалар: болашақта емхана медициналық көмектің ауқымын кеңейту үшін бейінді мамандарды тартуды көздеп отыр.

 «Біз кешенді тәсіл ғана жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін жақсы түсінеміз. Сондықтан аймақтың қажеттілігіне қарай дамып, бейімделуге дайынбыз. Біз үшін Балқаш картадағы нүкте ғана емес, сапалы медициналық қызмет көрсеткіміз келетін маңызды қауымдастық»,деп түсіндірді «Өркендеу»  желісінің бас директоры Айгүл Боранбаева.

Image 2

«Өркендеу» клиникасының артықшылығы: пациентке ерекше назар аудару

Клиника әу баста әр пациент өзіне ерекше назар аударылатынын сезінетін орын ретінде ойластырылған. Негізгі артықшылықтары:

1. Заманауи жабдықтар: соңғы технологиялар диагностиканың жоғары деңгейін, тексеру және емдеу процесінде жайлылық пен тиімділікті қамтамасыз етеді

2. Ыңғайлы жұмыс кестесі: клиниканың сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуі пациенттерге жұмыс күні аяқталғаннан кейін де көмек алуға мүмкіндік береді.

3. Әр адамға ерекше назар: әрбір келушіге жеке назар аудару және ұзын-сонар кезектің болмауы сенім мен қамқорлықты сезінуге мүмкіндік береді.

4. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі (ЕМС) аясында қызмет көрсету: пациенттер қосымша шығын мен ұзақ күтуден құтылады.

Осындай артықшылықтар арқылы «Өркендеу» клиникасы емделушілерге медициналық көмекпен қатар эмоционалды қолдау көрсететін денсаулық сақтау орталығына айналып отыр.

Image 2

Болашаққа көзқарас: даму және жаңа көкжиек

Клиниканың Балқаш қаласында ашылуы – ұзақ жолдың алғашқы қадамы ғана. Жезқазған, Сәтбаев қалаларында өзін жақсы жағынан танытып үлгерген «Өркендеу» желісі Балқашта да сәтті дамып жатыр.

Компания қызмет аясын одан әрі кеңейту және өңірдің сұранысын қанағаттандыру үшін жаңа мамандарды тартуды жоспарлауда.

Жобаның әлеуметтік маңызы

«Өркендеу» клиникасы –  жоғары деңгейлі медициналық қызметтің көрінісі ғана емес, Қазақмыстың корпоративтік мәдениетінің нығаюының белгісі. Бұл өз қызметкерлері мен олардың отбасына қамқорлық көрсетуге ерекше мән беретін компания стратегиясының бір бөлігі.

«Біз денсаулық сақтау саласының болашағы жоғары технологиялар, кәсібилік және адами қарым-қатынастың үйлесімінде екенін көріп отырмыз. Біз Қазақмыс қызметкерлеріне медицинаның дәл осындай үлгісін ұсына алатынымызды мақтан тұтамыз», – деп толықтырды Айгүл Боранбаева.

Ұзақ мерзімді мақсат

• Мамандандырылған медициналық бағыттарды дамыту.

• Жергілікті жерде амбулаториялық-емханалық көмектің толық кешенін көрсету.

Балқаштағы «Өркендеу» клиникасы – медициналық мекеме ғана емес, алға басудың, жайлылық пен қамқорлықтың символы. Қазақмыстың әрбір қызметкері өзінің денсаулығы тәжірибелі мамандардың қолында екеніне сенім арта алады. Клиниканың Балқашта ашылуы қала мен компанияның өмір сүру  сапасының заманауи стандарттарына ілесуге ұмтылуын білдіретін маңызды оқиға болды.

Новости по теме

Новости по теме

15 Apr 2025

Қазақмыс пен Colorado School of Mines ынтымақтастық болашағын талқылады

03 Apr 2025

Қазақмыс басқару құрылымын трансформациялайды және басшылық құрам санын қысқартады

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам