20 Нау 2024

СӘНДІ ӘРІ ЖҮЛДЕГЕ ЛАЙЫҚТЫ

Наурыз мейрамы қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Қарағандытүстімет» ӨБ басқармасының қызметкерлері «Кәсіпқорған» кәсіподақ ұйымының жүлдесі үшін ұлттық киімдер байқауына қатысты.

Өте ауқымды өткен бұл байқауда қызметкерлер камзолдардағы, шапандар мен көкірекшелердегі күрделі кестелер мен талғампаз кулондарды, бас киімдер мен шілтерді барша қатысушылар назарына ұсынды.

Байқау - барлық қатысушылар мен олардың әріптестерін мерекелік дастарханға жинап, қорытындыланды. ҚТМ ӨБ бас директоры Қайрат Шалмағамбетов барлығын келе жатқан мерекемен құттықтап, үздік ұлттық киімдерге сыйлықтар табыс етті.

Ерлер мен әйелдердің киімдері бөлек бағаланғандықтан, жүлделер жұппен берілді. Бірінші орынды Аида Усманова мен Мұхтар Қошанов жеңіп алды. Қорлан Нұрғалиева мен Жандос Қаденов екінші орынды иеленсе, үшінші орын Жанна Райымжанова мен Қанат Аралбайға бұйырды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады

14 Jun 2025

Еңбек қауіпсіздігі және өндірістік жоспар: «Жыланды» кенішінде корпорация басшылығының қатысуымен көшпелі жиналыс өтті

10 Jun 2025

Қазақмыс өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуде: цифрландыру, инвестиция және жаңа стратегия

06 Jun 2025

AMM 2025: Қазақмыстың негізгі бағыттары мен бастамалары

05 Jun 2025

Қазақмыс жұмыскерлері «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

02 Jun 2025

Саят Бакиров Жезқазған Тау-кен өндірісі басшылығымен кеңес өткізді