03 Шіл 2024

Қазақстандық ғалымдар ТМК үшін жаңа әзірлемелерін ұсынды

Жезқазғанда ғылыми-техникалық Хакатон өтті. Қазақстанның жетекші техникалық университеттері мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары металлургия, химия, цифрландыру салаларына және экологиялық мәселелерді шешуге арналған соңғы әзірлемелерін ұсынды.

Image 2

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн-режимде қатысып, «Ғылыми-инновациялық-хакатон – ғылымды коммерцияландыру форматы» тақырыбында сөз сөйледі. Министр ғылыми-технологиялық хакатонның ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешудің, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақсартудың, сондай-ақ экспортқа бағдарланған жаңа өнім өндіру үшін коммерцияландыру жобаларын ілгерілету мақсатында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің жоғары ғылыми-техникалық комиссияда берген тапсырмасының шеңберінде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Image 2

«ҚР ҒЖБМ конкурстарының нәтижесінде гранттық қаржыландыру бойынша 1 971 жоба және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 161 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылды. Бүгінгі таңда негізгі міндет ғылыми қызмет нәтижелерін бизнесті белсенді тарта отырып, оларды ендіру мен коммерцияландыруға жеткізу болып отыр», - деді министр.

Ол сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін ЖОО-лардың жанынан инжинирингтік орталықтар мен технопарктер құруға қаражат бөлінгенін атап өтті. 2029 жылға қарай 7 мамандандырылған инжинирингтік орталық пен ғылыми-технологиялық парк ашу жоспарлануда.  

Image 2

Ұсынылған әзірлемелердің ішінде Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қазақстан-Британ техникалық университеті және металлургия және байыту институтының ғалымдарынан КМ1 маркалы кондициялық мыс концентратын алу әдістері бойынша зерттеулер ұсынылды.

А. Сағынов атындағы КарТУ, Satbayev University және Д. В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты өкілдері кендерді өңдеу бойынша ғылыми ұсыныстарды көрсетті.

М. Әуезов атындағы ОҚУ, Satbayev University және А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты металлургиялық қожды қайта өңдеуге арналған шешімдерді ұсынды.

Тағы бір қызықты жоба Astana IT University және «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ ұсынған атмосферадағы ластаушы заттардың шоғырлануын мониторингтеу және болжау алгоритмдері бойынша әзірлемелер болды.

Хакатонның негізгі мақсаты – ғылыми қауымдастық, ғылыми-зерттеу институттары және өндірістік бизнес кәсіпорындары арасында ортақ тіл табу. Іс-шара барысында бірқатар проблемалар көтерілді: шахта суын тазарту, қалдық қоймаларын қалпына келтіру, металдарды алуды арттыруға қатысты цифрлық жобалар және т.б. Сондай-ақ компания қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен денсаулығына көп көңіл бөлінді. Хакатон қорытындысы бойынша болашақта Қазақмыс кәсіпорындарындағы жұмыс деңгейі мен сапасын арттыруға көмектесетін түрлі перспективалық жобалар қарастырылды.

Хакатонды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс ұйымдастырды.

Новости по теме

Новости по теме

18 Nov 2024

Қазақмыс Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтау үшін 5 млн доллар бөледі

11 Nov 2024

Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нуриев Satbayev University-ді 90 жылдығымен құттықтады

25 Oct 2024

Қазақмыстың 43 жұмыскері Республика күніне орай салалық марапатқа ие болды

16 Oct 2024

Сәтбаев қаласының жылу энергетика кәсіпорны жылыту маусымына қалай дайындалды

16 Oct 2024

Балқаш ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды

14 Oct 2024

Жезқазған ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды