04 Қаз 2025

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Қазақмыс» бірлескен цифрлық жобалар туралы келісімге келді

Digital Bridge алаңында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тау-кен металлургия саласына ауқымды цифрлық шешімдер енгізу арқылы инновацияны дамытуды көздейді.

Image 2

Тараптар жобаларды бірнеше бағыт бойынша бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты. Өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін Astana Hub шешімдерін енгізу негізгі бағыттардың бірі болмақ. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясы жұмыс істейтін өңірлерде балаларға, жастар мен ересектерге арналған заманауи цифрлық және креативті дағдыны үйрететін TUMO және Tomorrow School сынды білім беру бағдарламалары іске қосылады.

Компания конференция, кездесу, хакатон өткізу үшін Alem.AI және Astana Hub алаңдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Қарағанды құю-машина жасау зауыты базасында пилотсыз ұшу аппараттарын шығаратын өндірісті іске қосу жоспарлануда.

Image 2

«Ұлытау университеті» КЕАҚ дамытуға ерекше назар аударылады. Аты аталған жоғары оқу орны тау-кен металлургия кешеніне арналған зерттеулер мен инновациялар орталығына айналады. Университеттің әзірлемелері мемлекеттік ІТ-бастамаларға интеграцияланады.

Министрлік меморандумды болашаққа жасалған маңызды қадам деп бағалап отыр. Келісімге сәйкес технологиялар халық пен өңірлерге пайда әкелуі, ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік Қазақстанның цифрлық трансформациясын жеделдетуге ықпал етуі тиіс.

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды