03 Мау 2024

Балқаш қаласында «Балқаш-2024» халықаралық су-климат форумы өтті

Форумға қатысушылар Балқаш көлінің экологиялық деградациясының алдын алу мәселелерін көтерді. Осы мәселені алаңдап, көтеріп отырған қоғамдастық мүшелері бірқатар инновациялық шешімдер ұсынды.

Сондай-ақ су бассейнін экожүйелік тәсілге негіздей отырып басқарудың модельдері қарастырылды.

Форум жұмысының нәтижесі бойынша қоғамдық ұйым құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұйым Балқаш көлі экожүйесін зерттеу және білім беру қызметін дамытады, экожүйесінің мүддесін Қазақстан Республикасында, алыс және жақын шетелдерде қорғайтын болады.

Қазақмыс экологиялық саясат және ESG қағидаттарын ұстана отырып, форумда белгіленген іс-шараларға белсенді атсалысып, Балқаш көлін құтқару бағдарламасын әзірлеуге үлес қосатынын білдірді.

Халықаралық форумға Мәжіліс депутаттары, Қарағанды облысының әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, су ресурстары жөніндегі сарапшылар, мәдениет қайраткерлері, өңірлік өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Новости по теме

Новости по теме

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам

12 Mar 2025

Жорамалға қарсы фактілер: Қазақмыстың ресми ұстанымы

06 Mar 2025

Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды