04 Шіл 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

Мәжіліс депутаттары Құдайберген Бексұлтанов пен Бауыржан Смағұлов жұмыс сапарымен «Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» тау-кен өндірісіне барды. Олар бас директор Мұқан Үңгітбаев және Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайынмен бірге байыту фабрикасының цехтары мен кеніш телімдерін аралады.

Image 2

Сапар барысында парламент өкілдері фабриканың өндірістік цехтарын аралап, кен байыту процесімен және қолданыстағы заманауи технологиялық шешімдермен танысты.

Жұмыс сапарында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек жағдайы мәселесі ерекше назарға алынды. Депутаттар жұмысшылармен кездесіп, ұжымды толғандыратын өзекті тақырыптарды талқылады.

Бүгінде кеніште негізінен жас мамандар жұмыс істейді – олардың орташа жасы 30-35 шамасында. Кеніштің ерекшелігі – кен байыту фабрикасына тікелей жеткізіледі. Кен өндіру көлемі жылына 4,2 млн тоннаға дейін өсті, алдағы жылдары бұл көрсеткішті 4,5 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.

Image 2

Кеніште жұмыскерлердің қай жерде жүргенін бақылау және төтенше жағдай туралы дереу хабарлау жүйесі енгізілген, бұл қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырды.

 Фабрикада 2017 жылдан бері ұсақтау, ұнтақтау, електен өткізу және флотация процестерін жаңғырту жұмысы жүзеге асырылды, оған 46 млн АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалды. Үшінші кезеңге шамамен 12 млн доллар қарастырылған және ол 2027 жылға қарай аяқталады.

Депутаттар компанияның әлеуметтік саясатының нәтижесімен танысты. 2025 жылы әлеуметтік бағдарламаға бөлінген бюджет 12,4 млрд теңгеден асты, ол тұрғын үймен қамтамасыз ету, ерікті медициналық сақтандыру, сауықтыру және балалар демалысы, 2025-2029 жылдарға арналған ұжымдық шарт сияқты ауқымды бағыттарды қамтиды.

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді