05 Мау 2024

«Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері Владимир Жұманбаевты халықаралық іздеуге жариялау туралы

Желіде Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Қазақстан азаматы, «Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері, «Алтын Алмас» және «Қаражыра» акционері Владимир Жуманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпараты таралуда.

Осыған байланысты Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта Жұманбаев еңбек демалысында. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынбайды және тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

Бұған қоса «Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініштер келіп түскен жоқ.

Компаниялар тобы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және өз қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға дайын.

Новости по теме

Новости по теме

07 Feb 2025

«Жігер»: Жезқазғандағы жаңа спорт орталығы

05 Feb 2025

«Қазақмыс» корпорациясының жеке тұлғаларға ұшақ сатып алуы туралы

02 Feb 2025

Digital Қазақмыс: компаниядағы цифрлық технологиялар

02 Feb 2025

Ұлытау облысында еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды

31 Jan 2025

Қазақмыс техникалық селеннің алғашқы партиясын жөнелтті

22 Jan 2025

Қазақмыс қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейту үшін жаңа ұжымдық шартқа қол қойды