26 Қыр 2025

Қазақстан геология саласы бойынша Орталық Азияда жетекші орыннан көрінуде

KAZRC қауымдастығының атқарушы директоры Бекасыл Аукешев Астанада өткен жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңестің XXVIII сессиясында сөз сөйледі.

Image 2

2016 жылдан бері Қазақстан Республикасы KAZRC қауымдастығы арқылы минералдық ресурстар мен қорлар туралы жария есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің (CRIRSCO) мүшесі. Қауымдастық халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға әрқашан ашық.

«А.ж. 1 тамыздағы жағдай бойынша Геология комитеті 96 құзіретті маман дайындаған және 41 ридердің қатысуымен жасалған 260 KAZRC есебін қабылдады. Бұл сандар нені көрсетеді? Біріншіден, KAZRC есептерінің тұрақты легі – стандарттың нарық пен реттеуші тарапынан қабылданғанының негізгі көрсеткіші. Екіншіден, құзыретті тұлғалар/QMR және ридерлер корпусының кеңеюі ресурстар мен қорларды дұрыс жіктемеу немесе әдістемелердің салыстырмалы болмауы сияқты операциялық тәуекелдерді азайтады. Үшіншіден, CPD қамтуы – экожүйенің жетілуі мен өзін-өзі қолдау қабілетінің көрсеткіші», - деді Бекасыл Аукешев.

Image 2

Сонымен қатар, ол бүгінде Қауымдастық құрамында тәуелсіз сарапшылардың қоғамдық бірлестіктері мен жер қойнауын пайдаланушылар саласындағы кәсіби ұйымдарды қоса алғанда, 13 ұйым бар екенін атап өтті.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы CRIRSCO-ға мүше жалғыз мемлекет. KAZRC қауымдастығы ПОНЭН-мен бірге халықаралық стандарттарды енгізу тәжірибесімен белсенді бөлісіп келеді. Осы негізде біз достас елдердің күш-жігерін біріктіріп, KAZRC қауымдастығын халықаралық жария есептілік стандарттарын енгізу бойынша өңірлік хаб ретінде бекітуді және Орталық Азияда Құзыретті тұлғалардың Бірыңғай қауымдастығын құруды ұсынамыз», – деді Бекасыл Аукешев.

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды