02 Қаз 2024

Қазақмыс Балқаш көлінің экожүйесін сақтау шараларын әзірлеу үшін күшті біріктіруге шақырды  

Қазақмыс Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесін сақтау және тұрақты дамыту жолында бірқатар шаралар жүргізуде.

Бұл туралы Тұрақты даму дирекциясының басшысы Сәкен Шаяхметов Қазақстан Республикасы су секторын дамыту бойынша серіктестердің үйлестіру кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Image 2

«Балқаш қаласының қала құраушы компаниясы ретінде Қазақмыс әлемдегі ең үлкен көлдердің қатарында 13-орында тұрған ерекше көлдің жағдайына алаңдап отыр. Зерттеулерге сәйкес Балқаш көлі тиісті шаралар қабылданбаса 2045 жылға қарай Арал теңізінің тағдырын қайталап, су ресурстарының 86%-ын жоғалтуы мүмкін», - деді Сәкен Шаяхметов өз сөзінде.

Осы факторды ескере отырып, компания Балқаш өңірінің экожүйесін сақтау және тұрақты дамыту бойынша бірқатар шараларды қолға алып отыр. Осылайша, 2024 жылдың мамыр айында қалада саясаткерлер, халықаралық институттар, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен Су-климаттық форумы өтті.

Сонымен қатар Қазақмыс тұрақты даму стратегиясы мен ESG принциптерін жүзеге асыру аясында су ресурстарын тиімді басқару стратегиясын әзірлеуде. Бұл стратегия су тұтыну бойынша ағымдағы деректерді және суды пайдаланудың салдарын азайтудың тиімді механизмдерін, ең үздік халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қамтитын болады.

Image 2

Өз сөзінде Сәкен Шаяхметов компанияның ғылыми мекемелермен және су саясаты жөніндегі халықаралық сарапшылармен бірге Балқаш көлінің экожүйесін сақтау үшін тиімді құралдар әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу мәселесін талқылап жатқанын атап өтті.

«Өнеркәсіп секторын, мүдделі мемлекеттік органдарды және халықаралық қауымдастықты Қазақстанның өнеркәсіптік секторындағы су ресурстарын басқарудың кешенді құралдарын әзірлеуде бірігуге шақырамын», - деп түйіндеді өз ойын Сәкен Шаяхметов.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі