05 Қар 2023

«KAZAKHMYS OPEN»: спорт таланттарын ашу

Бүгін Жезқазғанда корпорация және Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясымен бірлесіп ұйымдастырған «KAZAKHMYS OPEN» екі күндік ашық халықаралық үстел теннисі турнирі өз мәресіне жетті. Турнирге 90 спортшы қатысты: 26 теннисші Ұлытау облысының атынан келсе, 60-ы Қазақстанның он бір қаласы мен аймағынан жиналды, тағы екеуі Ресей Федерациясынан келді. Айта кету керек, әуесқой теннисшілер арасында «Қазақмыс» құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері де бар.

Image 2

Жарыста әуесқой теннисшілермен қатар танымал кәсіпқой спортшыларда өз бақтарын сынады: халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресейдің үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Анна Тихомирова, Тараз қаласындағы теннис клубының жаттықтырушысы Евгений Груздов, Қазақстанның бесінші ракеткасы,  Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, спорт шебері Айя Әлімбаева, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сарвиноз Миркадирова және Ресей Федерациясының спорт шебері, 2018 жылғы Ресей Кубогының чемпионы, 2021 жылғы Ресей Кубогының және Ресей Федерациясының біріншілігінің қола жүлдегері, қазіргі уақытта ШҚО құрамасының чемпионы Иван Никулинде бар.

Image 2

Ойыншыларды халықаралық турнирдегі жеңістерімен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев құттықтап, турнир қатысушыларына ақшалай сертификаттар мен дипломдар табыс етті. Спортшыларды Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы құттықтап, жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыстады.

- Біздің жаңа облысымызда Ұлытау, Жезқазған, Сәтбаевта тамаша спорттық іс-шаралар және үстел теннисінен «KAZAKHMYS OPEN» халықаралық турнирі өткізіледі. Бұл осындай ауқымдағы соңғы турнир емес екеніне сенімдімін, болашақта біз Ұлытау саласындағы кәсіби бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін көптеген осындай шараларды күтеміз, - деп құттықтау сөзінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев атап өтті.

Image 2

Турнирдің қырық тоғыз қатысушысы жасөспірімдер санатында бақ сынасты. Қыздар арасында Шұғыла Мұқаш бірінші, Еркежан Тілегенова екінші, Аружан Тілегенова үшінші орынды иеленді. Ұлдар арасында Заңғар Тағабек үздік нәтиже көрсетсе, Ақыл Мақан екінші, Арсен Қабдулов үздік үштікті түйіндеді.

Image 2

Әйелдер арасында кәсіпқой спортшылар санатында Анна Тихомирова бірінші, Сарвиноз Миркадирова екінші, Гүзел Торшаева үшінші орынға ие болды. Ерлер арасында Иван Никулин бірінші ракетка, Евгений Груздов екінші, Сағантай Құрмамбаев үшінші орынға табан тіреді.

Image 2

«KAZAKHMYS OPEN» ашық халықаралық турнирі – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы» ҚБ бірлескен спорттық іс-шарасы. Айта кетейік, биыл Федерация өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде және «KAZAKHMYS OPEN» турнирін өткізу спорттың барлық әуесқойлары үшін жақсы сыйлық болды.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты

03 Jul 2024

Қазақстандық ғалымдар ТМК үшін жаңа әзірлемелерін ұсынды

28 Jun 2024

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ТМД халықаралық сыйлығын жеңіп алды

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды