20 Нау 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау шараларын күшейту мақсатында компания басшылығы тәуекел деңгейі жоғары өндірістік нысандарда технологиялық процестерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Кәсіпорындардың жұмысы бекітілген кестеге сәйкес кезекпен тоқтатылады.

Жұмысты тоқтату кестесі:

·       20 наурыздан бастап – Шығыс Жезқазған, Абыз, Саяқ, Нұрқазған, Қоңырат кеніштері; Нұрқазған, Қарағайлы, Балқаш байыту фабрикалары; Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасы, құрылыс-монтаждау басқармасы, құю-механикалық зауыты және мамандандырылған энерго-жөндеу  басқармасы.

·       21 наурыздан бастап – Оңтүстік Жезқазған, Ақбастау, Қажықонған, Шатыркөл, Жайсаң кеніштері.

·       22 наурыздан бастап – Батыс Жезқазған кеніші.

·       23 наурыздан бастап – Жыланды кеніші.

·       24 наурыздан бастап – Жезқазған байыту фабрикасы.

·       Бұған дейін тоқтатылған Жомарт кенішінде тексеріс жалғасуда.

 Барлық жұмыстың қауіпсіздік ережесіне сәйкестігін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Барлық кемшілік жойылып, еңбек жағдайының қауіпсіздігі расталғаннан кейін ғана телімдердегі жұмыс қайта жалғасады.

Кеніштердің жұмысы тоқтағанмен, жұмыскерлерге жалақы төлеу жалғаса береді. Бұл қадам компанияның еңбек қауіпсіздігі қағидаттарына адалдығын және өз жұмыскерлеріне деген қамқорлығын көрсетеді.

«Қазақмыс» компаниялар Тобы өз нысандарында қауіпсіздік жүйесін кезең-кезеңімен нығайтып жатыр. Осы бастама аясында барлық нормативтік талаптардың сақталуын бақылау күшейтіліп, еңбек жағдайын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылданады.

Новости по теме

Новости по теме

15 Apr 2025

Қазақмыс пен Colorado School of Mines ынтымақтастық болашағын талқылады

03 Apr 2025

Қазақмыс басқару құрылымын трансформациялайды және басшылық құрам санын қысқартады

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам