15 Сәу 2025

Қазақмыс пен Colorado School of Mines ынтымақтастық болашағын талқылады

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Colorado School of Mines вице-президенті Джон Бредфордпен кездесу өткізді.

Image 2

Кездесуде ынтымақтастықтың үш негізгі бағыты талқыланды: Геологиялық кластер базасында бірлескен геофизикалық зертхана құру, Жезқазғанда Colorado School of Mines филиалын ашу, сондай-ақ тәжірибе алмасу, кәсіби қайта даярлау және ғылыми бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Image 2

Бүгінгі кездесу Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық серіктестікті нығайтуда маңызды қадам болды. «Қазақмыс» компаниясының алғаш рет АҚШ-тан тыс жерде Colorado School of Mines филиалын ашу бастамасы – салалық білім берудің жаңа үлгісін дамытудағы компанияның өршіл стратегиясының айқын дәлелі. Бұл тек кадр даярлауға салынған инвестиция ғана емес, отандық тау-кен металлургия кешенінің интеллектуалдық негізін қалыптастыруға бағытталған ауқымды қадам. Осының арқасында еліміздің жас мамандары туған жерінен жырақтамай әлемнің үздік стандарттары бойынша білім ала алады.

Image 2

Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында Kazakhmys Barlau мен Colorado School of Mines арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум аясында тараптар тәжірибе алмасу, кадрларды қайта даярлау, сондай-ақ басым жобалар шеңберінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді қарастырды.

Новости по теме

Новости по теме

23 May 2025

Қазақмыс әлеуметтік тұрақтылықты арттыруда: адамдар, өңірлер және саланың болашағы инвестициялануда

23 May 2025

Басқарма төрағасының орынбасары жұмысшы ұжымдармен кездесу өткізді

21 May 2025

«Қазақмыс» пен ҚР Үстел теннисі федерациясы өңірлерде спортты дамыту үшін күш біріктіреді

16 May 2025

ҚР Еңбек министрі «Қазақмыс» нысандарындағы еңбек жағдайын жақсарту шараларымен танысты

30 Apr 2025

Қазақмыс Балқаш көлін сақтау қорын іске қосады

29 Apr 2025

«JasSkills Kazakhmys 2025» чемпионатының 6 қатысушысы білім грантын иеленді