14 Мам 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

Қазақмыс су тасқынынан зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіру және азаматтар үшін тұрғын үйлер салу жөніндегі жобаларды іске асыруды бастады.

Image 2

Осы уақытқа дейін бөлінген 40 млрд теңгенің 2,4 млрд теңгесі Петропавл қаласында Солнечный-2 шағын ауданында 100 үй салуға жұмсалатын болады.

Құрылыс барысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақмыс, «Қазақстан халқына» Қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.  

Image 2

Құжатқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдар залалды бағалау, құрылыс туралы қорытындылар, жер учаскелерін бөлу, жобалау-сметалық құжаттаманы келісу және мердігер ұйымдарды іріктеу туралы ақпарат береді.

Меморандум шеңберінде Қазақмыс пен Қор орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес қаражатты кезең-кезеңімен құрылыс компанияларына аударатын болады.  

Image 2

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов компанияның қаражатына салынған үйлер табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылғандар үшін бизнес пен мемлекет тарапынан қолдаудың символына айналатынын атап өтті.

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев барлық рәсімдердің ашықтығын сақтау және қоғамдық бақылау құрылыстың сапасын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов әріптестік танытқандарға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, апат салдарын ойдағыдай еңсеру және зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсету үшін күш-жігерді салатын боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесу үшін 40 млрд теңге бөлген болатын.

Новости по теме

Новости по теме

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды

15 Jun 2024

ЖБФ үздік қызметкерлерін қалай құттықтады

15 Jun 2024

Ғалымдар кенді байытудың инновациялық әдістерін ұсынды

06 Jun 2024

Нұрахмет Нуриев министр Қанат Шарлапаевқа «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметі туралы айтып берді