19 Жел 2024

Сәтбаев қаласындағы жағдайға қатысты

2024 жылғы 18 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Жезқазған өндірістік алаңындағы кеніштердің бригадирлерімен кездесті.

Жиынға сонымен қатар Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев қатысты.

Кездесуде жұмыскерлердің талабы талқыланды. Жиын қорытындысында «13-ші жалақыға» 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы қосу туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

Жалақыға келетін болсақ, жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастапжалақыны көтерудің екі нұсқасын ұсынды:

1-нұсқа: жалақы мөлшерін қосымша 8,5%-ға ұлғайту, өндірістік жоспарды орындағаны үшін қосымша 50 АЕК мөлшерінде төрт тоқсандық сыйлықақы (2025 жылы – тоқсан сайын 196 мың теңге);

2-нұсқа: Жалақыны 15,6%-ға индекстеу.

Келіссөз барысында Н.Нуриев жалақының күрт әрі негізсіз ұлғаюы түптің түбіндекомпанияның бірқатар кеніштерінің бәсекеге қабілеттілігін жойып, консервациялануынаәкелетініне, салдарынан жұмыс орындарының жабылуына әкеліп соқтыратынын атап өтті.

Сондай-ақ ұсыныстарды түсіндіру үшін жұмыс орындарында, оның ішінде шахталарда жұмысшылармен тікелей кездесу ұйымдастырылды.

2024 жыл 19 желтоқсан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, келіссөз жалғасуда.

Компания барлық жұмыскерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қалыптасқан жағдайды тезірек шешу үшін оң қадамдарды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Facebook | Instagram | Telegram

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды