13 Жел 2023

UMC қорының және Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының өкілдері Ұлытау облысында болды

Қазақстанның ең танымал кардиохирургы, UMC Қорының басқарма Төрағасы Юрий Пя және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мамандары Ұлытау облысы мен Жезқазған медициналық орталығында болды.

Image 2

Сапарға келесі адамдар қатысты:

Бекбосынова М.С. - ҰҒКО басқарма төрағасы,

Абдиоразова А.А. - ҰҒКО басқарма төрағасының орынбасары,

Арипов М.А. - Интервенциялық кардиология клиникалық академиялық департаментінің директоры,

Нұралинов О.М. - интервенциялық аритмология кафедрасының меңгерушісі,

Қапышев Т.С. – Озық білім беру орталығының директоры,

Надирбекова Г.Е. - UMC/ҰҒКО мейірбике ісі жөніндегі директоры,

Закиров А.С. - Медициналық жабдықтарды  пайдалану департаментінің директоры.

Image 2

Юрий Пя мен оның әріптестерінің Ұлытау облысына сапарының мақсаты-кардиологиялық қызмет пен облыстағы жоғары технологиялық қызметтерді дамыту перспективаларын талқылау және ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынас орнату.

Image 2

«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС мен «Жүрек орталығы» қорының ынтымақтастығы 2018 жылдан бастап жоспарлы түрде дамып келеді. Осы жемісті ынтымақтастықтың арқасында Қор ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың дәрігерлеріне жүрек ауруларымен күресуге көмектесетін көптеген жобаларды жүзеге асырды. Бұл жобалар жүйелі сипатқа ие және ғылыми қызметті дамытуға, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, ағартушылық жұмыстарға және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған.

Image 2

Бірлескен соңғы жетістіктердің бірі-донорлық органдарды сақтау, ұзақ тасымалдау және емдеу үшін құрылғы жасау жөніндегі ғылыми жобаны іске асыруда «Қазақмыс» ауқымды қаржылық қолдау көрсетті. «Жүрек орталығы»  қоры аталмыш құрылғының салтанатты тұсаукесерін 2023 жылдың 1 желтоқсанында өткізді.

Аталмыш бұл жоба, теңдесі жоқ және Қазақстан мен бүкіл әлем медицинасында нағыз серпіліс беретініне мамандар уәде береді. «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС салтанатты тұсаукесерінде кардиохирургияны дамытуға және бірегей құрылғы жасауға қосқан үлесі үшін Heart by Heart  қорының сыйлығын алды.

Image 2

Делегаттар Жезқазған медициналық орталығының жұмысымен танысты, ол 2023 жылдың жазында облыстық кардиологиялық орталық мәртебесін алды және бүкіл өңір халқына көмек көрсетеді. Сапар барысында облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп интервенциялық кардиология мен жоғары технологиялық қызметтерді одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Юрий Пя медициналық орталықтағы әріптестерінің қызметіне, жабдықталуына және кәсіби деңгейіне жоғары баға берді.

Image 2

ҰҒКО басқарма Төрағасы, еліміздің ең үздік кардиологтарының бірі Махаббат Бекбосынова кардиологтар мен жалпы практика дәрігерлеріне дәріс өткізді. Медицина қызметкерлері ең өзекті ақпаратты алып қана қоймай, белсенді пікірталас барысында науқастарды емдеу ерекшеліктері, клиникалық хаттамалар, кардиологиялық қызметтің ұйымдастырушылық мәселелері туралы пікір алмасты.

Image 2

Интервенциялық кардиологтар Интервенциялық кардиология клиникалық академиялық департаментінің директоры Арипов М.А., интервенциялық аритмология кафедрасының меңгерушісі Нуралинов О.М., Озық білім беру орталығының директоры Т.С.Қапышевпен араласудың техникалық аспектілері мен күрделі жағдайларды талқылаудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Image 2

Медициналық орталықтағы мейірбике ісі мен медициналық құрал-жабдықтарды ұйымдастыруға жауапты мамандар да астаналық әріптестерімен тәжірибе алмасып, көзқарастарын ортаға салды.

Image 2

Сондай-ақ, мамандарға 9 күрделі науқасқа  қатысты кеңестер берілді.

Image 2

Жұмыс сапарының ерекше маңызды тұсы  ынтымақтастық туралы меморандумға, 2024 жылға арналған жол картасына қол қою және Юрий Пя мен оның командасының жақын арада Жезқазған медициналық орталығында жеке ота жасау туралы ұсынысы болды.

Image 2

Қормен стратегиялық серіктестік, мамандармен республикалық деңгейде тәжірибе алмасу Жезқазған Медицина орталығының және бүкіл Ұлытау өңірінің деңгейін  көтеріп, тұрғындарға кардиологиялық қызметтің қолжетімді болуына барынша оң әсерін тигізері сөзсіз.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты

03 Jul 2024

Қазақстандық ғалымдар ТМК үшін жаңа әзірлемелерін ұсынды

28 Jun 2024

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ТМД халықаралық сыйлығын жеңіп алды

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды