23 Қаз 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

«Жыланды» кенішінде ауқымды жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Жаңа нысандар салынып, коммуникация тартылуда, жер асты желілері жаңартылуда. Бұл сұрақтарды «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров жобалық топпен кездесу барысында талқылады.

Image 2

Өндіріс және инфрақұрылым

Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің жанындағы алаңда өрт сөндіру депосы, тауарлық-материалдық құндылықтар қоймасы және жылы аялдама павильонының құрылысы аяқталуға жақын қалды. Жұмыс 60-80%-ға орындалды, алда әрлеу және ғимараттарды техникамен жабдықтау жұмысы тұр. Сонымен қатар оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту жұмысы да аяқталып қалды. Бұл кеніш жұмыскерлері мен қызметтерін жылдам әрі тұрақты интернетпен қамтамасыз ету үшін қажет.

Шахта ішінде кен тасымалын жеделдету мақсатында магистралды конвейердің ұзындығы тағы 973 метрге ұзартылуда. Бұрын оның жалпы ұзындығы 1445 метрді құраған.

2027 жылдың ортасына дейін жаңа клеттік-скиптік оқпанда копер салынып, көтергіш машиналар орнатылады. Сонымен қатар жақында «Солтүстік-1» және «Солтүстік-2» желдету ұңғыларында қазу жұмысы басталады. Мұнда жерасты аумағына таза ауа жеткізетін желдету қондырғысы орнатылады.

Шахтаның әкімшілік-тұрмыстық кешенін кеңейту ұзақ мерзімді жоспарға кірді. Ал сумен қамтамасыз ету үшін Сәтбаев қаласынан ұзындығы шамамен 20 шақырымды құрайтын су құбыры салынады. Қазіргі уақытта кәсіпорын сырттан тасымалданған суды пайдалануда.

 

Image 2

Экологияға қамқорлық

Кеніште шахталық суды қайта өңдеуге бағытталған кешенді жоба іске асырыла бастады. Қазіргі кезде аумағы 58,4 гектар болатын алып буландыру тоғаны салынып жатыр, бөгеттің биіктігі шамамен сегіз метрді құрайды. Шахталық судың жерге сіңіп кетуіне жол бермеу үшін заманауи қорғаныс әдістері – пластик мембрана мен геотекстиль қолданылады.

Бірінші кезеңде тоған Қарашошақ, Шығыс Сарыоба және Итауыз шахталарынан 1,5 млн текше метрге дейін су қабылдай алады. Екінші кезең аяқталғаннан кейін сыйымдылығы 4 млн текше метрге дейін ұлғаюы мүмкін. Болашақта су айдынының маңына жасыл желектер отырғызылып, тазарту қондырғылары орнатылады. Бұл суды суару және техникалық қажеттілік үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінде «Жыланды» – өңірдегі болашағы зор кеніштердің бірі саналады. Кәсіпорын жылына 2,7 млн тонна кен өндіреді. Мұнда мердігерлерді қоспағанда, 900-ге жуық адам жұмыс істейді. 2026 жылға қарай өндіріс көлемін 3,6 млн тоннаға дейін арттыру, ал 2030 жылға дейін 6 млн тоннадан асыру жоспарлануда. Өндіріс көлемі өскен сайын жұмысшылар саны да артады.

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді