29 Қыр 2025

Қазақмыс жаңа буын жұмысшылары үшін берік негіз қалайды

Астанада Еңбек күніне орайластырылған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумы өтті. Шараның ресми бөлімінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы атынан өндіріс жұмыскерлерін марапаттады, ол «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасы қоғам дамуының негізгі бағдарының біріне айналғанын атап өтті.

Image 2

«Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС 6 - топтағы қазандық машинисі Нұрәділ Мещанов Премьер-министрдің қолынан ведомстволық «Еңбек ардагері» марапатын алды.

Форум аясында Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорындарының көрмесі өтті. Онда компаниялар көпшілікке білім беру саласына, әлеуметтік жобаларына және жаңа технологияларына қатысты жаңашылдығын таныстырды.

Тау-кен металлургия саласының көшін бастап тұрған компаниялардың бірі ретінде «Қазақмыс» Тобы кадр даярлау бойынша жүйелі тәсіл ұсынды. Сәтбаев, Балқаш қалаларындағы корпоративтік колледждерде 780-нен астам студент білім алуда, сондай-ақ соңғы үш жылда 200 мыңнан астам қызметкер біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті. Оқу үдерісінің 60%-ға жуығы өндірістік іс-тәжірибемен байланыстырылды.

Image 2

«Ұрпақ сабақтастығын сақтау және еңбек әулеттерін қолдау – біздің стратегиялық міндетіміз. Кадр тапшылығы жағдайында біз білім беру бағдарламасын дамытуға және жас мамандарды қолдауға басымдық береміз», – деп атап өтті «Kazakhmys Holding» ЖШС ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару жөніндегі директоры Әлібек Алдоңғаров.

Оқытумен қатар компания әлеуметтік бастамаларды да белсенді түрде жүзеге асыруда. Биыл қызметкерлерге 33 пәтер тегін берілді, жыл соңына дейін тағы 60 отбасы баспаналы болады. Топар кентінде энергетиктерге арналған тұрғын үйдің құрылысы басталды. 2025 жылы қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға 11,7 миллиард теңге бөлінді – бұл өткен жылмен салыстырғанда төрттен бір бөлікке артық.

Image 2

Сонымен қатар 2025-2029 жылдарға арналған ұжымдық шарт жаңартылып, қызметкерлердің еңбекақы пакеті де өзгертілді: компанияға жыл сайын индекстелетін кіріс енгізілді, барлық бөлімшеде тоқсан сайын сыйақы тағайындау іске қосылды. Бұған қоса, үйлену тойына, нәрестенің дүниеге келуіне/бала асырап алуға, жақындарының қайтыс болуына және ауыр сырқатқа байланысты біржолғы төлемдер, сондай-ақ инженерлік-техникалық мамандарға ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы төлеу бекітілді.

«Қазақмыс» жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамытуда: Satbayev University-мен бірге геологиялық универсиада өткізіледі, ал Қарағанды техникалық университетімен машина жасаушылар олимпиадасы ұйымдастырылады. Бұл жобаларға еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер мен мектеп оқушылары қатысады.

Image 2

Кәсіпорындарға заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде: қауіпсіздікті арттыру үшін персонал мен көліктің орналасқан жерін анықтау жүйесі, өндірістің цифрлық егіздері және процестерді оңтайландыруға арналған мониторингтік кешендер қолданылуда.

Сонымен қатар компания өзіне қатысы бар аймақтардың дамуына үлес қосуда. Ұлытау облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, шахмат академиясы, оңалту орталығы, стоматологиялық кабинет ашылды және жаңа конгресс орталығының құрылысы басталды. Қарағанды облысында денсаулық сақтау мен спорт саласына қатысты жобалар жүзеге асырылуда, ал Жамбыл облысында жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.

Image 2

«Үздіксіз оқу кәсіби әлеуетті қалыптастырады; әлеуметтік бастамалар ұжымның рухын нығайтады; цифрландыру мен инновациялар тиімділікті арттырады; ал спорт пен көпшілікке арналған жобалар ертеңгі күнге сенімділік пен жігер сыйлайды», – деді Әлібек Алдоңғаров.

Астанадағы форум – жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдерін марапаттау алаңы ғана емес, сонымен қатар экономиканың болашағы еңбекті құрметтеуге, мамандарды даярлауға және еңбек әулеттерін сақтауға тікелей байланысты екенін аңғартты.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі