04 Қар 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

Қазақмыс барлық өндірістік алаңдарда өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесіне стратегиялық аудит жүргізетін JMJ Associates (АҚШ) халықаралық консалтингтік компаниясымен келісімшарт жасады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев JMJ компаниясының өкілдерімен ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Image 2

JMJ Associates (АҚШ) компаниясы қауіпсіздік саласында корпоративтік мәдениет пен көшбасшылықты дамытуға маманданған. Бірлескен жобаның мақсаты – Қазақмыстың барлық кәсіпорындарында адамның өмірі мен денсаулығы әрбір қызметкердің жеке құндылығына айналатын тұрақты қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

«Біз бұл аудитті тек рәсімдік тексеріс деп емес, компанияның болашағына – қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге жасалған стратегиялық инвестиция ретінде қарастырамыз», – деп нақтылады Нұрахмет Нуриев.

Image 2

Қазақстандағы JMJ бөлімшесінің жетекшісі Ренат Сәлімғалиевтің сөзінше, жұмыс диагностикадан басталады: сұхбат алынып, өндірісте бақылау жүргізіледі және үдерістерге талдау жасалады. Бұл жүйенің артықшылықтарын және жетілдіруді қажет ететін бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жоба екі басым бағытқа негізделеді.

• Қауіпсіздікке жеке жауапкершілікті қалыптастыру – жетекшілер үлгі көрсетеді, ал ұжымда сенім мен ашықтық атмосферасы қалыптасады.

• Қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру – тәуекел факторы жойылып, ережені сақтау оны бұзудан жеңіл болатын жүйелі тәсіл енгізіледі.

Image 2

«Жоба бірнеше жылға жоспарланған. Біз барлық деңгейдегі қызметкерлерді оқытамыз, ішкі көшбасшылар мен қауіпсіздік амбассадорларын дайындаймыз. Мақсатымыз – жоба аяқталғаннан кейін де компания ішінде қауіпсіздік мәдениетінің дамуын қамтамасыз ету», – деді Ренат Сәлімғалиев.

JMJ компаниясында бұл ынтымақтастық қызметкерлер мен басшылық арасындағы сенімді нығайтып, жарақат алу мен оқыс оқиғалардың санын азайтатынына, ал қауіпсіздік күнделікті жұмыстың қалыпты бөлігіне айналатынына сенеді.

Image 2

Нұрахмет Нуриевтің айтуынша, жобаға қатардағы басшыдан бастап, жоғары менеджментке дейінгі басқарудың барлық деңгейі қатысады. Аудит қорытындысында 2028-2029 жылдарға дейінгі қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге арналған ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленеді. Мақсат – ереже сақтауды автокөлікте қауіпсіздік белдігін тағу сияқты әдетке айналдыру.

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді