04 Ақп 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жұмыс сапары аясында Геологиялық кластер мен «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-ны аралады.

Image 2

Геологиялық кластерге сапар барысында компания басшысына геологиялық барлау жұмысының негізгі бағыттары мен минералдық-шикізаттық базаны толықтыруға бағытталған жобалар таныстырылды. Сондай-ақ геология саласына енгізіліп жатқан цифрлық шешімдерге назар аударылды.

Атап айтқанда, Руслан Өскенәліге Qazaq Geophysics компаниясы қолданатын ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жүзеге асырылатын лазерлік 3D-сканерлеу технологиясы көрсетілді. Бұл технология күрделі және қолжетімділігі қиын жағдайда жоғары дәлдікпен кеңістіктік дерегін алуға мүмкіндік береді. Осы дерек негізінде жер бедерінің, жер асты қазбалары мен инженерлік құрылыстардың цифрлық моделі жасалады. Бұл геологиялық модельдеу мен инженерлік есептеулердің дәлдігін айтарлықтай арттырады

Image 2

Технология деформацияға мониторинг жүргізу және көлемді бақылау мақсатында пайдаланылады. Оны қолданысқа енгізу өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттырып, жұмысты орындау мерзімін қысқартуға, сондай-ақ нысандардың жай-күйі туралы толық әрі өзекті ақпарат алуға жол ашады.

Image 2

Басқарма төрағасы «Жезқазған» медициналық орталығына жұмыс сапары кезінде медициналық көмек көрсету сапасымен, мекеменің жабдықталу деңгейімен және медициналық персонал жұмысының ұйымдастырылуымен танысты. Ерекше назар кәсіби аурудың алдын алу, өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыскерлеріне медициналық қолдау көрсету және корпоративтік денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелеріне аударылды

Image 2

Жұмыс сапары компания басшылығының заманауи технологияларды енгізу, өндіріс тиімділігін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және қызметкерлерге сапалы медициналық қолдау көрсету бағытындағы жоспарлы жұмысының бір бөлігі болды.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі