09 Қаз 2025

Enbek Atleti 2025 спартакиадасында «Қазақмыс» қызметкерлері жүлдегер атанды

8-9 қазан күндері Астанада QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Салауатты өмір салты және спорт орталығының қолдауымен Enbek Atleti 2025 салалық жұмысшылар спартакиадасы өтті.

Image 2

Жарыстың мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау, корпоративтік байланысты нығайту және тау-кен металлургия саласының жұмыскерлері арасында салауатты өмір салты мәдениетін дамыту болды.

Биылғы спартакиадаға саланың жетекші 12 компаниясының командасы қатысты. Жарыс спорттың сегіз түрінен өтті: шағын-футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қазақ күресі, QazRox және басшылар арасында садақ ату.

«Қазақмыс» құрамасы шағын-футболдан (саны) команданы жеңіп, топтық кезеңді сәтті өткізді. Турнир қорытындысы бойынша команда 12 қатысушының арасынан 3-орынға ие болып, үздік үштікке енді.

«Бес асық» сайысында «Kazakhmys Distribution» ЖШС ӨҚжЕҚБЖ жетекші маманы Әлия Сапарғали жартылай финалға сенімді өтіп, турнир қорытындысы бойынша қола медаль (3-орын) жеңіп алды.

Image 2

Тоғызқұмалақтан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институтының жетекші инженер жобалаушысы Бекзат Түсіпбеков жеке есепте 2-орын иеленсе, жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды.

Асық ату жарысында команда үздік ондықтың қатарына қосылды. Үстел теннисінде ойыншылар жекелей сында бақ сынап, топтық кезеңде жақсы нәтиже көрсетті.

«Қазақмыс» командасының қорытынды көрсеткіші:

- Тоғызқұмалақ (жеке есеп) – 2 орын;

- Шағын-футбол – 3 орын;

- Бес асық – 3 орын;

- Тоғызқұмалақ (командалық есеп) – 4 орын.

«Қазақмыс» командасы үшін спартакиада корпоративтік бірліктің, өзара қолдаудың және еңбекті құрметтеудің символына айналды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді