23 Қыр 2025

Қазақмыс балаларды мектепке дайындауға қалай көмектесті

«Қазақмыс» корпорациясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Мектепке жол» акциясын қолдап, компанияның қатысы бар өңірлердегі оқушыларды жаңа оқу жылына дайындады.

Image 2

Биыл Қазақмыс Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл және Абай облыстарындағы 700-ден астам оқушыны мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етуге 21 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Шара шеңберінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп сөмкесі, кеңсе тауарлары және спорттық киім берілді.  

Image 2

«Әр отбасы үшін баласының жаңа оқу жылына сеніммен аяқ басуы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біз үшін бұл жай ғана қайырымдылық акциясы емес, компанияның жұмыскерлері мен олардың балаларына, сондай-ақ Қазақмыс жұмыс істейтін өңірлердің тұрғындарына деген қамқорлық белгісі», – деп атап өтті компанияда.  

Image 2

Қызметкерлердің отбасына қамқорлық жасау – «Қазақмыс» компаниялар тобының әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 1-сыныпқа қадам басқан балалары бар «Kazakhmys Barlau» ЖШС мен «QazaqGeophysics» ЖШС-нің 28 қызметкеріне 30 мың теңгеден біржолғы төлем берілді. Бұған қоса қызметкерлердің біріне 15 АЕК мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.  

Image 2

Бұл бастамаға Kazakhmys Energy жұмыскерлері де қолдау білдірді. Топар БЭТС станциясында балалар үшін мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушыларға мерекелік дастархан жайылып, жаңа сөмке мен оқу құралдары табысталды.  

Image 2

Мұндай игі бастама компанияның тұрақты дәстүріне айналды. «Қазақмыс» оқушылардың білім алуына жағдай жасауды жалғастыра береді және оларға бірдей мүмкіндік беруге ерекше назар аударады.

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді