09 Қар 2023

Біз сапа маркасын сақтаймыз

Дүниежүзілік Сапа күні жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде атап өтіледі. Ол алғаш рет БҰҰ-ның қолдауымен Еуропалық сапа ұйымының бастамасымен 1989 жылы енгізілген болатын.

Біздің елімізде Сапа күні 2023 жылдан бастап мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді және ол ағымдағы жылдың 9 қарашасына сәйкес келіп отыр.

Дүниежүзілік сапа күнінің басты мақсаты – көпшіліктің назарын ұсынылатын өнім сапасына, көрсетілетін қызметтерге және өндірісті басқаруға аудару. Келесі мәселелерді шешуге бағытталған іс-шараларды жандандыру қажет: өнімдер адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы және тұтынушылардың барлық қажеттіліктері мен үміттерін толығымен қанағаттандыруы тиіс.

Қазіргі жағдайдағы тауарлар мен қызметтердің сапасы кез-келген кәсіпорын мен ұйымның табысты жұмысының қажетті шарты болып табылады. Өнімнің сапасы қоршаған ортаны сақтаумен, өмір сүру деңгейімен, адамның физикалық және психологиялық денсаулығымен тығыз байланысты.

 «Қазақмыс» компаниялар тобы Қазақстандағы ең ірі мыс өндірушілердің бірі бола отырып, өнім сапасына үлкен мән береді. Компаниялар тобы катодты мыс, мыс сырық, күкірт қышқылы, қорғасын шаңы және тазартылған металдар түріндегі дайын өнімдерді шығарады және сатады.

Шығарылатын өнімнің сапасы мен технологиялық процестің тиімділігін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметі қадағалайды. Бұл қызмет өңдеуге, өндірілетін және жөнелтілетін тауар өнімдеріне түсетін барлық шикізаттың сапасына толық бақылау жүргізеді. Сапа қызметінің деректері негізінде өндіріс жоспары құрылады, тиімділігі бағаланады, негізгі көрсеткіштер орындалады, компанияның тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелері орындалады, бюджетке салық төленеді және Компания қызметкерлеріне жалақы төленеді. Корпорацияның бұл ішкі «кеденін» бірнеше жыл бойы тәжірибелі басшы – Зауре Абдрахманова басқарып келеді.

Қазіргі уақытта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметі сапаны басқару департаментінен, техникалық бақылау департаментінен және «Қазмысметрология» мамандандырылған кәсіпорнынан тұрады, онда байыту фабрикалары мен мыс балқыту зауыттарының кәсіпорындарында ұсынылған 1000-нан астам жоғары кәсіби қызметкерлер жұмыс жасайды.

2022-2023 жылдар аралығында «Қазақмыс» тарихында тұңғыш рет Сапа қызметі ISO 9001:2015 халықаралық стандартын аккредиттеу туралы куәлік алды; Жезқазған аймағы кіріс бақылау учаскесі МЕМСТ(ГОСТ) ISO/IEC 17025-2019 халықаралық стандартын аккредиттеу аттестатын алды; БКФ ТББ қызметкерлерін бақылау мониторингі жүйесі енгізілді; SGS (ОАР) халықаралық компаниясының сәйкестік сертификаттары алынды ЖМЗ және БКФ сапасын бақылаудың барлық нүктелерінде Amira кодексінің талаптарына сәйкестендірілді.

«Қазақмыс» басшылығы барлық сапа қызметінің Топтың дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайды. Мәселен, 27 қызметкер «Еңбек Даңқы» белгісімен марапатталды, 167 қызметкер «Қазақмыс» қаражаты есебінен орта - арнаулы және жоғары білім алды. Осы қызметтен 15 көпбалалы отбасы пәтер кілтін алды.

Өнім сапасын анықтайтын барлық факторлар – технологиялық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық – өндіріс процесінде бір-бірімен ажырамас байланыста жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.

Ләззат Смағұлова.

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты

03 Jul 2024

Қазақстандық ғалымдар ТМК үшін жаңа әзірлемелерін ұсынды

28 Jun 2024

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ТМД халықаралық сыйлығын жеңіп алды

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды