18 Мау 2023

«Cuprum run Zhezkazgan - 2023» жаппай спорттық жарыс өтті

Алашахан алаңынан бастап жүзден астам адам 5 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Тағы бір айналымға жүгіргендер де болды.

Image 2

Бір айналымнан өтуге қатысушыларға бір сағат уақыт берілді, алайда спортшылардың көпшілігі берілген уақыттан бұрын келіп жатты, Жезқазғанның ыстық күнін ескеретін болсақ бұл оңай болмағаны анық.

Жарысқа «Қазақмыс» қызметкерлері, сондай-ақ басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев қатысты.

Марафонға қатысу құны 3 000 теңгені құрады. Жиналған қаражат қайырымдылыққа бағытталады.

Спорттық іс-шараның барлық қатысушылары естелік медальдармен марапатталды.

Бұқаралық спорттық іс-шараның барлық қатысушыларын құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды