03 Ақп 2024

Сәтбаев қаласында «қара» қар түсу жағдайына қатысты

Бірқатар БАҚ 2024 жылдың 31 қаңтарында Сәтбаев қаласында ластанған қар түріндегі жауын-шашын түскені туралы ақпарат таратып жатыр.

Image 2

Бұл іс-шара жылуды, электр энергиясын, сумен жабдықтау және канализацияны өндіру, тасымалдау, бөлу және жабдықтау саласында қызмет көрсететін «Kazakhmys Distribution» ЖШС қызметімен байланысты. Айтуларынша, кәсіпорын қолданып жүрген тазарту қондырғылары ескірген, дұрыс жұмыс істемейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткіземіз.

Сәтбаев қаласының шетінде орналасқан No1 жылу станциясы қаланы және оған жақын орналасқан өндірістік нысандарды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Оның үш ұйымдасқан шығарындылар көзі бар:

1. Тазарту коэффициенті 98,5-99 % күл жинау қондырғысы орнатылған ПТВП-100 ыстық су қазандықтарының мұржасы.

2. Күл жинау қондырғылары 80-92% тазалау коэффициенті бар өнімділігі 26000 м3/сағ жұмыс істейтін ДКВР 10/13 бу қазандарының мұржасы  .

3. Жобалық шешімге сәйкес жасалған ашық көмір қоймасы.

2024 жылдың 31 қаңтарында «Kazakhmys Distribution» ЖШС (Қазақмыс Дистрибьюшн) ашық қоймасында көмірді жоспарлы түсіру жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік-батыстан соққан екпіні 20-25 м/с болатын күшті желдің салдарынан көмір шаңының көптеген ұсақ бөлшектері Сәтбаев қаласының  аумағына қарай желмен ұшқан . Бұл табиғи форс-мажордың тазарту қондырғысының жұмысына еш қатысы жоқ. Күл жинау жұмыстары қалыпты режимде атқарылуда.

Айта кетерлігі, жылыту маусымына дайындық кезеңінде жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде ыстық су және бу қазандықтарының күл жинау жүйелерін жөндеу жұмыстары  жүргізіледі.

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді