16 Қаз 2024

Балқаш ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды

«Kazakhmys Energy» ЖШС Балқаш ЖЭО қалалық желілерге жылу беруді бастады. Барлық гидравликалық және жылу параметрлері нормаларға сай, станцияның дайындығы 94 пайыз.

Image 2

3 қазандық және 3 турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Жылудың желілерге шығу кезіндегі температурасы 85 градус, бұл қалаға жылу беру талаптарына сәйкес келеді.

Тұтынушыларға жылу энергиясын жеткізу мен таратуға қалалық коммуналдық қызмет жауапты.

Балқаш ЖЭО барлық жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтады. 3 қазандық және 3 турбоагрегатта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бір қазандық толық күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, көмір түсіру және отын беру кешеніне, химиялық цех жабдықтарына, қазандықтар мен сорғы жабдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Резервтік турбоагрегатты күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Image 2

Станция қоймасында 132 мың тонна көмір және 815 тонна сұйық отын дайындалды, бұл қажетті резервтен екі есе жоғары. Жылыту маусымы барысында қоймаға ай сайын 140 мың тонна көмір түсіріліп отырады.

Балқаш ЖЭО жөндеу жұмыстарына 6,5 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды