02 Қаз 2025

Балқаш ЖЭО жылыту маусымына қалай дайындалды

«Kazakhmys Energy» ЖШС Балқаш ЖЭО алдағы жылыту маусымына кешенді дайындық жұмысын аяқтады.

Image 2

Биыл негізгі қазандық пен турбоагрегаттар жөнделді, сондай-ақ отын-тасымалдау, турбина және химия цехтарындағы жабдық жаңартылды.

Станция жанармай қорын ұлғайтты. Қоймаға 136 мың тонна көмір жиналды – бұл нормативтік қордан екі есе көп. Сондай-ақ 730 тоннадан астам мазут қоры қалыптасты. Айта кетейік, талап етілетін норма – 137 тонна. Мұндай қор жүктеме артқан жағдайда станцияның үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, жабдыққа кешенді диагностика мен техникалық куәландыру жұмысы жүргізілуде.

«Біз ауқымды жұмыс атқардық, қыс маусымына толық дайынбыз. Біздің мақсатымыз – Балқаш тұрғындары мен кәсіпорындарын үздіксіз жылумен қамтып, станцияның сенімді жұмысын қамтамасыз ету», – деді Балқаш ЖЭО операциялық директоры Жасын Әлдебергенов.

Жөндеу жұмысына бөлінген қаржаттың жалпы көлемі шамамен 6,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2,4 млрд – ағымдағы жөндеуге, 4 млрд – күрделі жөндеуге бағытталды.

Жылу электр орталығы "Балқаш жылу" ЖШС қалалық желілеріне жылу беруді қала әкімінің өкіміне сәйкес бастайды

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі